Yessenov Launch Pad 2024

САЙТ БЕТІНІҢ ТӨМЕНГІ ЖАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН БАҒДАРЛАМА ЕРЕЖЕСІМЕН ТОЛЫҚ ТАНЫСЫП ШЫҒУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІН.

Shakhmardan Yessenov Foundation hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамытуға арналған 10 грант байқауын  жариялайды.   

ЕГЕР СЕН:

  • ҚР азаматы болсаң;
  • Қазақстандық ЖОО студенті немесе ағымдағы маман/қызметкер болсаң;
  • Cенің мамандығың – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану, математика және статистика, денсаулық сақтау саласында болса;
  • Өзіңнің soft және/немесе hard skills дағдыларыңды дамытқың келсе.

Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП АЛЫП, ұзақтығы 12 айға дейінгі онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндігің бар!

Грант сомасы 600 000 теңгені құрайды!

Бұл үшін 2024ж. 15 сәуірден бастап 16 мамырға дейін төмендегі онлайн-өтінімді толтырып, келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:

Міндетті құжаттар:

  • жеке куәліктің сканы;
  • Неліктен оған қосымша дағдылар қажет екенін, олардың кәсіби және жеке өміріне қалай әсер ететінін түсіндіруі керек эссе;
  • CV.

Қосымша құжаттар:

  • Үміткердің жетістіктерін және/немесе бағдарлама Ережесінің 3.1. тармағына сәйкес нақты саладағы мүдделерін білдіретін Портфолио және тиісті растауды ұсыну: – 3 құжаттан артық емес;
  • Ұсыным – 1 құжаттан артық емес;
  • Академиялық жетістіктер, зерттеу және/немесе инжинирингтік қызметтегі жетістіктер, түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатысқандары үшін сертификаттар – 3 құжаттан артық емес*;
  • Жеке немесе ұжымдық жарияланымдар – 2 құжаттан артық емес;
  • Диплом, болған жағдайда (соңғы оқу орны) – 1 құжаттан артық емес;
  • Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 2 сертификаттан артық емес*

* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырада. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

Ереже
Downloaded: 55, Size: 38.6 KB

Көру саны: 462