Yessenov Launch Pad 2024
САЙТ БЕТІНІҢ ТӨМЕНГІ ЖАҒЫНДА ОРНАЛАСҚАН БАҒДАРЛАМА ЕРЕЖЕСІМЕН ТОЛЫҚ ТАНЫСЫП ШЫҒУЫҢЫЗДЫ ӨТІНЕМІН.
Shakhmardan Yessenov Foundation hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамытуға арналған 10 грант байқауын жариялайды.
ЕГЕР СЕН:
- ҚР азаматы болсаң;
- Қазақстандық ЖОО студенті немесе ағымдағы маман/қызметкер болсаң;
- Cенің мамандығың – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану, математика және статистика, денсаулық сақтау саласында болса;
- Өзіңнің soft және/немесе hard skills дағдыларыңды дамытқың келсе.
Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП АЛЫП, ұзақтығы 12 айға дейінгі онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндігің бар!
Грант сомасы 600 000 теңгені құрайды!
Бұл үшін 2024ж. 15 сәуірден бастап 16 мамырға дейін төмендегі онлайн-өтінімді толтырып, келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
Міндетті құжаттар:
- жеке куәліктің сканы;
- Неліктен оған қосымша дағдылар қажет екенін, олардың кәсіби және жеке өміріне қалай әсер ететінін түсіндіруі керек эссе;
- CV.
Қосымша құжаттар:
- Үміткердің жетістіктерін және/немесе бағдарлама Ережесінің 3.1. тармағына сәйкес нақты саладағы мүдделерін білдіретін Портфолио және тиісті растауды ұсыну: – 3 құжаттан артық емес;
- Ұсыным – 1 құжаттан артық емес;
- Академиялық жетістіктер, зерттеу және/немесе инжинирингтік қызметтегі жетістіктер, түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатысқандары үшін сертификаттар – 3 құжаттан артық емес*;
- Жеке немесе ұжымдық жарияланымдар – 2 құжаттан артық емес;
- Диплом, болған жағдайда (соңғы оқу орны) – 1 құжаттан артық емес;
- Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 2 сертификаттан артық емес*
* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырада. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.
Ереже
Downloaded: 72, Size: 38.6 KB
2-ші кезең қатысушыларының тізімі
Downloaded: 29, Size: 14.5 KB
Жеңімпаздар тізімі
Downloaded: 39, Size: 13.2 KB
Көру саны: 792