Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында тағылымдама алу

Қор Қытайдың ең озық инновациялық кәсіпорындарында тағылымдамадан өту конкурсын жариялайды.  Егер Қытайдың көп үміт күттіретін инновациялық компанияларында тағылымдамадан өту Сізге өз дағды-машықтарыңызды дамытуға көмегі тиеді, ал Қазақстанда оларға қол жеткізу қиын деп есептесеңіз, Сізге жәрдемдесуге қуанамыз!

Бізді IT саласындағы және робототехника саласындағы мамандар ғана: робототехникаға ынта-қызығушылығы бар программисттер, ойлап жасаушылар, инженерлер ғана қызықтырады. «Қытайдың инновациялық кәсіпорындарында тағылымдама алу» бағдарламасы — Азиядағы робототехника саласындағы жетекші компанияларының бірінде бағасы жоқ тәжірибе алуға бірегей мүмкіндігіңіз.

Бағдарламаның талаптары:

Кім қатыса алады: ҚРның жас шамасы шектеусіз азаматтары – ақпараттық технологиялар саласындағы әрекеттегі мамандар, сондай-ақ бакалавриат пен магистратура студенттері.

Гранттардың саны: 6

Қажетті құжаттар:

  1. Толтырылған өтінім
  2. Түйіндеме
  3. Жеке куәлік сканы
  4. Мүдделікті таныту хаты
  5. Ұсынымдар
  6. Өзіңіздің ІТ саласындағы жетістіктеріңізбен таныстыратын толыққанды портфолио

Қосымша курстардан өту сертификаттары.

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 10.04.2016-ж дейін

Ескертпелер: Құжаттардың толық жиынтығы бар өтінімді Қордың электрондық адресіне жолдау қажет: info@vessenovfoundation.org.

Бағдарламаға қатысты құжаттар:

Көру саны: 67