Бапкерлер мектебі
Бапкерлер Мектебі — “Komanda SOS” Еріктілерді Үйлестіру Орталығы мен академик Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры дайындаған, Сорос-Қазақстан қоры Қазақстанның ҮЕҰның волонтерлік бағдарламалары үшін қаржылай демеушілік көрсететін арнайы жобасы. Жоба волонтерлармен бірігіп жұмыс істейтін және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысатын мамандардың командасын құруды көздейді.
Жаңа жобаны ойластырғанда немесе жаңа менеджер келгенде дөңгелекті қайтадан ойлап табумен айналысудың орнына,
ең үздік әдістер мен тәсілдерді стандарттауды үйреніңдер.
“Дао Toyota-ның 14 қағидасы”, Джеффри К. Лайкер
Жоба ерікті жәрдем көрсету жобаларын басқару саласында волонтерлік және кәсіпқой кадрларды қалыптастырудың негізгі мәслелерін шешіп отыруды көздейді. Ол ерікті жәрдем көрсету ынта-қызығушылықтарын басқарудың негізгі стандарттары мен технологияларын Қазақстандық жағдайларға сай етіп қалыптастыруға, алдағы уақытта қолдануға және нәтижелілікке қол жеткізуге қолғабыс етеді. Мектепті құру мен оның жұмысын жолға қою волонтерлік іс-әрекеттерді дамыту мен оған ынта-қызығушылықты күшейту жұмыстарының бір бөлігіне айналмақ.
Бапкерлер Мектебі ұзақ жылдарға арналған жоба. Оқыту Алматы қаласында да, өңірлерде де ұйымдастырылады:
- Алғашқы үш күндік оқыту курсы 2013-ж. қыркүйек айында Алматы қаласында 28 ҮЕҰ және Қазақстанның 14 өңірі үшін арналды;
- Бапкерлер Мектебіне қатысушы ұйым жұмыс істейтін өңірдегі ҮЕМ және волонтерларған арналған тренингтер мен семинарлар сериясы – 2013-ж. қазан – 2014-ж. сәуір аралығы;
- Екінші үш күндік оқыту курсы – 2014-ж. тамыз айы, Алматы қ-нда;
Көшпелі тренингтер қатысушы ұйымның техникалық сүйемелдеуімен өтеді;
МЕКТЕПТІҢ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ:
Бапкерлер Мектебінің бағдарламасы кешенді бағдарлама, жобаның қатысушыларының келесі бағыттар бойынша стандартталған біліктіліктерді алуын көздейді:
- Ерікті жәрдем көрсету жобаларын тиімді жобалау (стратегиялық және шұғыл жоспарлау дағдылары);
- Ерікті жәрдем көрсету жобаларын кәсіпқойлықпен басқару (projectmanagement);
- Волонтерлік командаларды құру және ұстап тұру (командаларды құру және қалыптастырып отыру);
- Волонтерларды ынталандыру және дамыту (шабыттандыру құралдары мен бапкерлік дағдылар).
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ:
Жоба ерікті жәрдем көрсету жобаларын басқару саласында волонтерлік және кәсіпқой кадрларды қалыптастырудың негізгі мәслелерін шешіп отыруды көздейді. Ол ерікті жәрдем көрсету ынта-қызығушылықтарын басқарудың негізгі стандарттары мен технологияларын Қазақстандық жағдайларға сай етіп қалыптастыруға, алдағы уақытта қолдануға және нәтижелілікке қол жеткізуге қолғабыс етеді. Мектепті құру мен оның жұмысын жолға қою волонтерлік іс-әрекеттерді дамыту мен оған ынта-қызығушылықты күшейту жұмыстарының бір бөлігіне айналмақ.
Жобаның аясында волонтерлармен кәсіби тұрғыда айналысатын және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыратын мамандардың командасы жасақталады, оларды болашақта Мектептің тәжірибелі сарапшылары ету, олардың өз білімі мен тәжірибесімен өңірлердегі әріптестерімен бөлісіп отыруын көздейді. Қазақстанда ерікті жәрдем көрсету ынта-қызығушылықтарын және бағдарламаларын басқарудың тиімді әдістері мен құралдарының тәжірибелік және теориялық базалары, сондай-ақ волонтерлік жобалардың ең үздік стандарттарының, тәжірибелерінің базасы құрылады. Сондй-ақ жобаның аясында менеджмент, бизнес-технологиялар, коммуникациялар және PR салаларының сарапшылары мен бапкерлерінен, өңірлік ҮЕҰдары сарапшыларынан құралатын Бапкерлер Мектебінің жұмыс тобын құру жоспрда бар. Осындай команда өңірлерге барып, ерікті жәрдем көрсетуге ынта-қызығушылықтарды күшейту ісімен қоса, бағыттар бойынша оқыту кезедесулерін/тренингтерді өткізеді.
Жобаға Қазақстанның барлық өңірлерінің ҮЕҰдары қатысады, жобаның негізгі көздейтін аудиториясы – қазақ тілді және ауылдық үкіметтік емес ұйымдары. Мектеп жұмысының нәтижелері бойынша өңірлік жобаларды Бапкерлер Мектебінің стандарттары мен технологияларына сай бірігіп жүзеге асыру жоспары дайындалады.
МЕКТЕПТІҢ БАПКЕРЛЕРІ:
Бапкерлер Мектебінің бапкерлері – өз жетістіктері бойынша шеберлік сабақтарын өткізетін бизнес-технологиялар, стратегиялық менеджмент, коммуникациялар және блоггинг салаларының сарапшылары, сондай-ақ кәсіпқой guest speaker-лер.
БАЙЛАНЫС:
+ 7 705 888 57 88 – Григорий
komandasos@gmail.com
www.volunteer.kz | www.komandasos.kz | www.yessenovfoundation.org
Көру саны: 290