IT-стартаптарындағы тағылымдама 2017

Кремний алқабының стартаптарында алты айлық тағылымдамадан өту үшін ақпараттық технологиялар саласындағы 5 маманға арналған гранттық бағдарлама.

Бағдарлама шарттары

Бағдарлама қатысушылары: 18-ден асқан ҚР-ның азаматтары болып табылатын ақпараттық технологиялар саласындағы магистратура студенттері және мамандар. Саланың бағыттары: Front end developer, Back end developer, System level programmer, Data scientist, Mobile developer, Database engineer.

Грант шарттары: грант тағылымдаманың өту мерзімі барысындағы тамақтану, баспана, екі аралықтың әуежол билеттері, виза және сақтандыру шығындарын қамтиды

Грант көлемі: 5

Қажетті құжаттар:

  1. Түйіндеме;
  2. Жеке куәлік көшірмесі;
  3. Уәждемелік хат;
  4. Мінездеме(лер);
  5. ІТ саласындағы жетістіктеріңізді дәлелдейтін портфолио;
  6. Қосымша курстарды бітіргендіңіз жайлы сертификаттар.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: қыркүйектің 25 мен қазанның 22, 2017

Өтінім мен қажетті құжаттарды Қордың электрондық поштасына жіберіңіздер: info@yessenovfoundation.org.

Бағдарлама ережесі

Өтінім

2 кезең қатысушылары

Жеңімпаздар

Көру саны: 96