Университеттерге арналған грант. Студенттер мен оқытушыларды ағылшын тіліне оқыту, 2024-2025.

Қазақстандық жоғары оқу орындары басшыларының назарына! Shakhmardan Yessenov Foundation ағылшын тілі бағдарламасын өткізуге арналған гранттық байқау жариялайды.

Бағарлама өңірлік университеттер арасында конкурстық іріктеу форматында өткізіледі. Байқауға Астана мен Алматы қалаларынан тыс жерде орналасқан, тек қана Қазақстанның өңірлік жоо қатыса алады.

Гранттардың саны – 160.

Оқыту форматы: 2024 жылдың қазан айынан бастап 2025 жылдың мамыр айына дейін 8 ай бойы, аптасына 2 реттен өткізілетін онлайн курстар.

Бағдарлама соңында қор есебінен 25 үздік оқытушы мен студент IELTS емтиханын тегін тапсыру мүмкіндігіне ие болады.

Электронды түрдегі өтінімді қосымша құжаттармен бірге қордың info@yessenovfoundation.org электрондық поштасына жіберу қажет. Қағаз нұсқадағы құжаттар талап етілмейді.

Өтінімдер қабылдау: 2024 жыл 15 ақпан мен 28 наурыз аралығы. 30 сәуірде байқаудың жеңімпазы жарияланады.

Байланыс ақпараттары:
Ирина Грищенко +7 771 775 1815, irina.g@yessenovfoundation.org 
Айгерім Султан  +7 701 627 9607, aigerim.s@yessenovfoundation.org

Бағдарлама ережесі
Downloaded: 53, Size: 43.2 KB

Көру саны: 615