Сократ

Бұл кітап әлем, қоғам мен өзін-өзі тану ғылымының тарихына баға жетпес үлесін қосқан адам – Сократ туралы. Оның есімі бүкіл әлем бойынша көпшілікке танымал болса да, оның өмірі мен ілімі туралы шынайы фактілер аз сақталған. Бар білетініміз оның шәкірттерінің еңбектерінде және жазушылардың туындыларында баяндалған жағдаяттар. Данышпан өзі туралы дерек жазбалардан бірде-бір жол жазып қалдырмаған. Сондықтан Сократқа қатысты екі жарым мың жыл бойы қалыптасқан аңыздарды оның шынайы тарихи бейнесінен ажыратып алу оңай іс емес. Бұл кітапта авторлар екі жағдаятты да зерделейді. Жарқын, интеллектуалды әрі қызықты оқиғаларға толы өмір сүрген адам туралы әңгімелейді. Және адамдарды ең басты қабілет – сауалдарды дұрыс қоя білу қасиетіне үйреткен аты аңызға айналған данагөй туралы баяндайды. Данышпан қария оқырманды дұрыс ойлауға баулиды.

Оның ең адал екі шәкірті болмағанда, біздің Сократ туралы білетініміз жоқтың қасы болар еді, олар — Ұзтазды ойшыл ретінде бейнелейтін ұлы философ Платон және Ұстазды тұлға ретінде бейнелейтін жүрекжұтқан жауынгер, дарынды стратег Ксенофонт. Осы екі тұлға да Сократпен бірге, Батыстың ойшылдығы тарихының ең маңызды кезеңі деген баға беруге болатын тұтас дәуір туралы әңгімелейтін бұл кітаптың кейіпкерлері болып табылады.

Кітапты сатып алу: осында

Көру саны: 97