10 ГРАНТТЫҢ ОРНЫНА 17 ГРАНТ!
5 қараша күні əлемнің зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының конкурсы басталады. Биылғы жылы академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры 10 емес , 17 бакалавриат, магистратура студентіне жəне жұмыс жасап жүрген ғылыми қызметкерлерге əлемнің үздік университеттерінде жазғы уақытты пайдамен өткізу мүмкіндігін беріп отыр.
Біз қор бағдарламаларының менеджері Роумиса Башаеваға конкурс жөнінде бірнеше сұрақ қойып, сұхбатқа тарттық.
— Ең біріншіден, қор гранттар санын қалай көбейте алды, орташа есеппен бір тағылымдама құны 7 мың долларға барып жетеді емес пе, яғни, бұл бюджет айтарлықтай артты деген сөз ғой?
— Бұл зертханалардағы біздің ғылыми тағылымдамалардың үш бағдарламасын біріктіру туралы шешім қабылдауымыздың арқасында мүмкін болды – бакалавриат студенттері үшін (10 грант), мамандар үшін (2 грант) жəне Ұлыбритания үшін (5 грант). Барлық осы бағдарламаларды іріктеу барысы мен мақсаттары ұқсас, тек мақсатты аудиториясы ғана ерекшеленеді. Сондықтан да, біз оларды бір бағдарламаға біріктірдік.
— Осы 17 гранттың арасында ішкі бөлу рәсімі бар ма, немесе олардың барлығы, мысалы, бакалавриат студенттеріне ғана беріледі деген жағдайы туындауы мүмкін бе?
— Біз 10 грант бакалавриаттың 2-3 курс студенттеріне арналуы тиіс деп шештік, ал қалған 7 грант – бакалавриаттың соңғы курстарының студенттеріне, магистранттар мен жұмыс жасап жүрген ғылыми қызметкерлерге берілетін болады. Ірікту барысында біз магистратура кандидаттарын бакалаврлармен және керісінше, салыстырмайтын боламыз. Әр кандидат өзінің гранттың санаты шеңберінде бағаланатын болады. Бірақ біз гранттарды іріктеудің екінші кезеңінде конкурсанттар көрсететін нәтижелерге сәйкес бөлетін боламыз (тренинг арқылы іріктеу). Сондықтан да, жеңімпаздар ретінде 11 бакалаврлар мен 6 магистрант немесе ғылыми қызметкер танылатын болады. Қатысушыларды осы екі кезеңде қорғаншылар кеңесінің мүшесі, МФТИ және Калтех түлегі, ғылымдар докторы және АҚШ-та жұмыс істейтін стартапер Эльдар Ахметкалиевтің басшылығымен сарапшылар кеңесі бағалайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Ш.Есенов атындағы қордың ғылыми тағылымдамалар бағдарлама конкурсына 2013 жылдан 2018 жылға дейін 529 адам қатысты. 5 жыл ішінде бағдарлама жеңімпазы болып 49 адам атанды, олардың барлығы әлемнің үздік зертханаларында және Жапония және АҚШ, Швейцария мен Ұлыбритания, Швеция және Корея, Австралия және Сингапур университеттерінің белгілі профессорларымен бірігіп еңбек ету мүмкіндігіне ие болды.
24.10.18, Жаңалықтар
Көру саны: 202