135 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ “WILL SPEAK FLUENTLY”

«Барлығы 251 өтінім келіп түсті, соның ішінен ағылшын тілін оқуға 90 студент пен 45 оқытушыны іріктеп алдық», — міне осындай хабар, Қызылордадан, Шахмардан Есенов атын. қордың ағылшын тілі бағдарламасының екінші оқу жылына іріктеуді аяқтаған қор қызметкерлері, Нұрсұлтан Нұрмұханов пен Айгерім Султаннан келіп түсті. Іріктеп алынған 135 жеңімпаз бағдарлама соңында ағылшын тілін білу деңгейлерін айтарлықтай жақсартады деп күтілуде.

— Барлық қатысушыларды деңгейлері бойынша бірнеше топқа бөлдік. Сабақтар бір жарым сағаттан, аптасына екі рет өткізіледі. Қызылордалықтарды ағылшын тіліне Шекспирдің тілінде еркін сөйлейтін британдық оқытушылар Бен Грин мен Эндрю Вебстер үйрететін болады, — деп жобалар үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов анықтап өтті.

Оқу жылының қорытындысы бойынша 15 үздік студент және 20 оқытушы қор есебінен IELTS тапсыру  мүмкіндігіне ие болады. Айта кетейік, IELTS деңгейі оқытушылардың жалақысы мен бакалавр студенттерінің магистратураға түсу мүмкіндіктеріне айтарлықтай әсер етеді. Еске сала кетейін, Есенов қоры ағылшын тілі бағдарламасын  тіл білу деңгейін көтеруге арналған көңіл көтеретін факультатив немесе студенттердің бос уақытын  толтыру үшін өткізбейді. Қор бағдарламасының мақсаты – студенттер мен оқытушылардың өз мамандықтары бойынша, көбінесе ағылшын тілінде жарияланатын,  ең жаңа ақпараттарды игеру мүмкіндіктері үшін тіл білу деңгейлерін арттыруға жәрдемдесу. Бүгінгі таңда, сен қаншалықты ағылшын тілін жақсы білсең соншалықты өз мамандығыңда болып жатқан ең жаңашыл терндтерді білесің дегенді білдіреді. Бұл мәселе өңірлерде өткір болып тұрғандықтан біз бағдарламаны Қазақстанның аймақтық университеттерінде жүзеге асырып жатырмыз.

Бұған дейін ағылшын тілі бағдарламасы Ақтауда өткізілсе (Ш.Есенов атын. ҚМИТУ, Yessenov University), бүгінде Қызылорда қаласында (Қорқыт-Ата атын. ҚМУ) өтіп жатыр. Қор жоспарында аталмыш бағдарламаны республиканың басқада аймақтық жоо ұсыну.

— Қор гранты бойынша байқаудан өтіп,  ағылшын тілін оқитыныма өте қуаныштымын. Мен ағылшын тілін айтарлықтай жақсы білемін және осы бағдарлама арқылы тілді шетелдік дереккөздеріндегі ақпараттарды еркін түсінетіней дәрежеде меңгеремін деп үміттенемін, — деп Қызылорда мемлекеттік унвиерситеті шет тілдер және аударма ісі кафедрасының оқытушысы Нұрзия Мәжитова өз ойымен бөлісті.

Бағдарлама жайлы пікірімен жаратылыстану кафедрасының 3 курс студенті Гүлжан Қарабекте (мамандық «биология») бөлісті:
— Өткен жылы мен Ш.Есенов атын. қор ұсынған  грант бойынша ағылшын тілін меңгерген болатынмын.  Нәтижесінде мен ағылшын тілі деңгейімді айтарлықтай жақсарттым, грамматика бойыншы білімімді және осы тілде сөйлеу қабілетімді арттырдым. Және де осы жылы іріктеуден екінші рет өттім.  Мен үшін бұл тамаша мүмкіндік және үлкен тәжірибе.  Өткені, бәсекеге қабілетті маман үшін ағылшын тілі өте маңызды. Сондықтанда, мен ең үздіктер қатарына ілігіп, қор есебінен IELTS тапсыру мүмкіндігі үшін күресетін боламын. Болашақта магистратураға түсуді жоспарлап отырмын.

4.10.18, Жаңалықтар

Көру саны: 191

Другие новости