Томирис Бурхан

Мамандығы: мұнай-газ ісі. Есенов шәкіртақысының иегері (2016-2017).

Томирис Қазақстан-Британ техникалық университеттің түлегі. Ол да осы мәтінді оқитын сіздер сияқты.  Оның сүйікті дәйексөзі – оның мінез-құлқындағы көп нәрсені түсіндіретін Мұхаммед Алидің сөздері. «Мен жаттығудың әрбір минутын жек көремін. Бірақ бір күні өзіме былай дедім: «Тастама. Қазір тер төк – ал қалған өмір бойы чемпион ретінде өмір сүр!» Бүгінде біздің отандас қызымыз Норвегиялық теңіздегі ұңғымаларда жұмыс істейтіндер арасында ең жас инженер болып табылады.

Сіз мұнай-газ ісін қазіргі таңда қызметтің өзекті саласы деп санайсыз ба?
Мен трендтерді қадағалаймын, сондықтан да жақын келешекте біздің саламыз бүкіл әлемде негізгі рөлін сақтап қалады деп сенемін. Тиісінше, Қазақстан да энергетикалық индустриядағы өзінің әлеуетін дамитын болады.

Сіз тәжірибені қайда өттіңіз?
Оқу кезінде мен SPE (Инженер-мұнайшылар қоғамының) халықаралық конференциялары мен семинарларына, PetroBowl зияткерлік конкурстарына жиі қатыстым және де Қазақстанның мұнай компанияларында тағылымдамадан өттім. Ресейде ең ірі мұнай сервистік компанияда далалық тәжірибе мен үшін шешуші рөл атқарды.

Томирис, сіз не нәрсеге қол жеткіздіңіз?
Кішкентай жеңістер оқып жатқан университет қабырғасында басталды. Өзімнің креативті тұсымды дамытудың үздіксіз ниеті ҚБТУ-да SPE секциясының вице-президенті лауазымына ұласты. Кәсіби қоғамдарға мүшелік рухымды, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиеледі, тілтапқыштықты, жауапкершілікті және сөйлеу дағдыларын дамытты. Мені болашақта үлкен жеңістер күтіп тұр деп үміттенемін. Ия, бәрін тастағым келетін кездер де болады. Осындай сәттерде мен әрдайым отбасым туралы: атам, әжем, әкем – маған іргелі құндылықтарды баулып, махаббатын сыйлаған жандар туралы ойлаймын.

Сіз стипендиалық бағдарлама конкурсында қалай жеңіске жеттіңіз?
Іріктеу қарқынды және креативті іс-шарамен өтті. Барлығы зияткерлік интерактивті ойын ретінде өткізілді. Мен бүкіл Қазақстаннан келген дарынды жастармен таныстым. Менің басты қағидам – әрдайым өзім болып қалу – маған қатты көмектесті. Ал жағымды энергетика және сенімді жүріс-тұрыс әрдайым сәттілік пен жеңістерді тартады. Мен осылайша жеңдім.

Сіз бір жылда не нәрсені жасап үлгердіңіз?
Мен мансабымды ұңғымалардың геофизикалық зерттеулері позициясынан бастадым (Wireline Field Engineer). Менің кәсібім ұңғымалардағы ең маңызды ақпаратты зерттеуге негізделеді, ал бұл олардың күйін талдауға және де олардың болашақ дамуына дұрыс шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Қазір мен мұнда ең жас инженермін, бір айда 4 әртүрлі платформа арасында ары-бері ұшып, Норвегиялық теңіздің офшорында еңбек етемін.

Жоспарларыңыз қандай, Томирис?
Қазір мен кез келген сәтте жаңа жобамен әлемнің кез келген жеріне баруым мүмкін. Менің әрбір күнім өткен күнге ұқсамайды, ал әрбір ісім жаңа және бірегей болып табылады. Бұдан мен үлкен ләззат, драйв аламын. Мен үнемі даму үстіндемін, жаңа технологиялар бойынша тренингтерге ұшамын, онлайн оқумен айналысамын, шет тілдерін үйренемін. Бұл ретте кез келген сәтте, тереңдігі 4 шақырым болатын ұңғымада каротажды жүргізу үшін, мені құрлықтан 200 шақырым жерге жұмысқа шақыруы мүмкін. Оған қоса өз атам – аты аңызға айналған тұлға Бурхан Сабиров атындағы қорды құруды армандаймын. Мүмкіндіктері жоқ және ғаламшарымыздың болашағы жарқын деп сенетін адамдарға мүмкіндіктерді бере отырып, жас дарындарға инвестициялар жасау үшін ол адам өте ауыр жағдайларда ауыл шаруашылығын дамытумен айналысты.

28.09.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 463