115 ЕРЕКШЕ БАЛА МЕКТЕПКЕ ДАЙЫН

Волонтер және триатлет Сергей Левадний 7 күн ішінде 13,3 км суда жүзіп, 147,7 км жүгіріп, 630 км велосипедпен жүріп өтті (жалпы 791 км). Ол Ironman-ның жарты форматының дистанциясын күн сайын жүріп өту бойынша міндеттемені өз мойнына алып, оны орындады. «7 үшін 7» акциясын қазақстандық мегаполистің тұрғыны ерекше қажеттіліктері бар 100-ден астам балаға мектепке дайындықты ұйымдастыра алды.

Аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан, балалар милық салдануға, Даун синдромына, аутизмге және құлақ есту бұзылыстарына шалдыққан балалар акцияның бенефициарлары болды.

— Мен өзім баяғыдан бері спорттық сын-тегеурінге лайықты жауап табамын деп ойлап жүрдім, алайда жеке мақсатымды қоғамдық маңызды мақсаттармен біріктіргім келді. Мен академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының әріптестеріме жүгіндім, және де біз «7 үшін 7» жобасын ойлап таптық. Өткізу күні жаздың аяғына белгіленді, және де мақсаты өз бетімен анықталды – балаларды мектепке дайындау. Біз аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан, күрделі диагноздары бар балаларға жәрдемдесуді шештік. Сондай-ақ, мектеп жиынтықтарын табыстаған кезде олардың қуанышты жүздеріне қарап, біздің қолдарымыздан келгенін көрдік, — деп бөлісті Komanda SOS еріктілер орталығының үйлестірушісі Сергей Левадний.

Акцияның спорттық бөлігінің басталуымен бірге балаларға арналған мектеп жиынтықтарын (жолдорбалар, дәптерлер, қаламсаптар, қаламдар, пластилин, бояулар және т.б.) жинау жарияланды. Акцияға бейжай қарамайтын қазақстандықтар қатысты. Алматылық Александра Комлева, Галина Кириян, Алия Жадраева қаражаттың жинауын және мектеп жиынтықтарының сатып алуын өздері ұйымдастырды. Сонымен қатар «7 үшін 7» акциясына бірнеше қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысты. Қала тұрғындарының және бизнес өкілдерінің ықыластылығы арқасында 115 балаға арналған жиынтықтар жиналып, бүгінгі күні мектеп оқушыларына табыс етілді.

— Осы балалардың көбірек бөлігін бір ғана ата-анасы, негізінде анасы тәрбиелейді. Олардың арасында қамқоршы ата-аналармен бірге тұратын жетім балалар да бар. Балалардың жасы 6-дан 15 жасқа дейін. Олар арнайы түзету мектеп-интернаттарында оқиды, кейбіреулер үйде оқытылады. Олардың көбісінің, өздерінің физикалық мүмкіндіктері салдарынан, бұған қоса спортпен айналысатыны жайлы атап өткен жөн, — деп хабарлады Галина Ильина, бенефициарларды анықтауға көмек көрсеткен Special Olympics алматылық филиалының директоры.

15 жастағы Даун синдромымен ауыратын қызын тәрбиелеп отырған, Ирина Жуковская өз әңгімесінде:
— Мен өзім оңалту орталығында жұмыс істеймін. Қаражатымның басым бөлігі ақылы дәрігерелер мен ем қабылдауға кетеді. Қазіргі таңда біздің қоғамымызда мүмкіндігі шектеулі балалар өте көп. Біз ол балаларға қандайда бір шектеулер қоймай, қоғамға енгізуге тырысамыз. Ал осындай акциялар бізге қолдау көрсетеді. Мәселе мектеп жабдықтарында немесе сыйлықта емес, бейтаныс адамның сенің балаңа қамқорлық көрсетуінде. Қатыгез әлемде осындай мейірімді адамдардың бар екені қуантады.

Алматылық триатлон федерациясы акцияға консультациялық және ақпараттық қолдауды жүзеге асырды. Оның басшысы, өзі жуырда Даниядағы Ironman дистанциясынан сәтті өткен Ғалымжан Есеновтың айтуы бойынша, «осындай челленджді, Сергейдің өз мойнына алған осындай міндеттемелерді әрбір спортшы еңсере алмайды, ал 23 жастағы бұл спортшы жеңіп шықты, және де ең бастысы, ол, әсіресе, ата-аналары мектепке дайындауға мүмкіндігі болмайтын, ерекше қажеттіліктері бар балалар жайлы әңгіме болған кезде, осыны жасаудың керемет екенін адамдардың назарына салды.»

29.08.18, Жаңалықтар

Көру саны: 84

Другие новости