37 СТУДЕНТ ҚОР ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

18 наурызда Алматыда Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының бенефициарлары, студенттері мен бағдарламалар қатысушыларының қор құрылтайшылары мен қыметкерлерімен кездесуі болып өтті. Жылсайынғы көктемгі кездесуге еліміздің түрлі өңірлерінен 37 жас талапшыл адам жиналды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚБТУ, Сәтпаев ат. ҚазҰЗТУ мен Сүлейман Демирель Университеті, Nazarbayev University мен Семей Мемлекеттік медициналық университеті, ҚарМТУ мен Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, сондай-ақ Гумилев ат. ЕҰУ сияқты жоғары оқу орындарының білім алушылары мен түлектері кездесуге қатысты. Күннің бірінші жартысы психологтар Елена Амреева мен Юлия Рахманкулова өткізген команда құраушы тренингке арналды. Бірнеше сағат ішінде жастар бірқатар жаттығуларды жасап, бір-бірімен танысып, ұйымдасуға мүмкіндік алды.

— Тренингтің атмосферасы ескі достардың жиыны секілді болды, – деп түсіндірді Ш.Есенов атындағы қордың бағдарламалар үйлестірушісі Ильзира Алдагарова.

Түстен кейін бейкоммерциялық ұйымның құрылтайшыларымен кездесу бағдарламасы басталды. Студенттермен және түлектермен қордың құрылтайшылары – «АТФ Банк» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Ғалымжан Есенов және зайыбы Айжан Есім, қордың Қамқоршылар кеңесінің мүшелері Серік Ахановпен Ералы Сауранбаев және қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева кездесті. Кездесу барысында студенттер қордың бағдарламалары жайында көбірек ақпарат алып, нәтижелі тіл табысты.

Биылғы жазда әлемнің үздік зертханаларына баратын ғылыми тағылымдамалар бағдарламасының жеңімпаздарымен алдағы тағылымдама жөніндегі есеп бойынша тренинг өткізілді, ал қордың бағдарламалар үлестірушісі Жадыра Сарманова жастарға рұқсатнамаларды алу ерекшеліктері туралы айтып, И. Алдагаровамен бірге олардың басқа да сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында қордың жаңа білім беру бағдарламасы үшін үздік идеяға арналған конкурстың жеңімпаздары Ерсаин Оспановқа және Ержан Сапенов тобының өкілі Ардақ Байжақсыноваға жүлделер табыс етілді.

Кездесуге қатысқан жастармен сұхбаттаса отырып, Ғалымжан Есенов былай деді:

— Біз соңғы рет кездескеннен бері бір жыл өтті, өткен аралықты сіздердің оқуда, мансапта, өмірде алға қадам басқандарыңды біліп жүрмін. Сіздердің тұлға болып қалыптасып келе жатқандарыңыз да айқын. Бұл үдеріске қорымыздың қосқан үлесіне мен қор құрылтайшысы ретінде қуанамын. Сіздердің ғалым, кәсіби маман, азамат ретінде жетілулеріңіз үшін көмектесуге даярмыз. Қордың атынан және жеке өзімнің атынан сіздерге әрқайсыңыздың таңдаған өмір жолдарыңыздан, бағыттарыңыздан таймай, жалғастыруыңызды тілеймін. Ғылыми тағылымдамалар, шәкіртақы бағдарламасы, nFactorial challenge, білім беру бағдарламасы үшін үздік идеяға арналған конкурс сияқты, қордың мұндай бағдарламалары мен жобаларының көмегімен сіздердің үлкен ғылымға, үлкен мансапқа, үлкен өмірге жолыңыз жалғасатын болады. Осылайша қордың миссиясы – Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыру – еліміз үшін ерекше маңызды және өзекті міндет – сіздердің арқаларыңызда іске асырылып жатыр.

4.04.17, Жаңалықтар

Көру саны: 61

Другие новости