Зейнаф Мурадова

2014 жылы Nazarbayev University студенті Зейнаф сол кезде 21 жаста болатын. Ш. Есенов атындағы қордың грантын ұтып, ол Гарвард медициналық мектебінiң Иммунология және васкулярлық биология институтында жазғы тағылымдамадан өтті. Ал қазір, 2017 жылдың ортасында, ол магистратураны аяқтап,  Париж (ХІ) университетінің медицина мектебінде (Франция) докторлық бағдарламаны бастауды жоспарлап отыр. Мамандық ретінде жас ғалым онкологияны таңдады.

1. Сіз жоғары оқу орнында неліктен дәл осы мамандықты таңдадыңыз?

Университетке түскен кезде, мен одан әрі медициналық мектепке барып, дәрігер болуға ниет білдірдім. Бірінші курста ауруханаларда ерікті болып жұмыс істеуді бастадым, өзімді түрлі бөлімшелерде сынап көрдім. Онкология бөлімшесі маған үлкен әсер етті. Дәрігерлер обыр ауруымен күресуде іс жүзінде дәрменсіз екенін түсінудің өзі мұңды. Сол кезден бастап мен университеттің зертханаларында обыр түзілімдерінің әрбір түрлерін зерттей бастадым. Мені бұл қызықтырды, және де бакалавриатты аяқтау кезінде мен онколог ғалым болып, обырмен күресуде өз үлесімді қосқым келетінін нақты білдім.  

2. Сіз үшін тағылымдамаға арналған конкурста ең қиыны не нәрсе болды?

Іріктеу барысында мен үшін ең қиыны психологиялық тест болды. Одан өту үшін үш сағат кетті, және де тест басталысымен әрбір қатысушы абыржып, мазасызданды. Біз, бәлкім, одан өтпей қаламыз, жауаптырымыз қордың грантын ұтуға мүмкіндіктерімізге теріс әсер етеді деп ойладық.

3. Америкадағы тағылымдама кезінде қандай қызықты жағдайлар болды?

Тағылымдама кезінде мен өмірімде алғашқы рет эксперименттерді (тышқандарға) жасауды бастадым. Мені аурулардың түр-түрін зерттеуге арналған модельдерді қалай жасау керектігін, талдауларға қанды, органдарды алуды, және де бұл талдауларды бірізді жүргізуді үйретті. Оған қоса, менің зертханам мені университет жанындағы жазғы мектепке тіркеді. Аптасына екі рет мен оның дәрістері мен тренингтеріне қатыстым. Жазғы мектептің барлық студенттері американдық, менің құрдастарым болды. Біздің қарым-қатынастарымыз барысында мен олардың өмірге деген көзқарастарын біліп, олар, олардың жұмысқа қарауы менікінен ерекшеленетінін түсіндім. Жаз ішінде мен көп нәрсеге үйрендім. Зертханада сол уақытта үйренгенімнің барлығы одан арғы білім алу кезінде маған қажетке жарады.

4. Сіз үшін тағылымдаманың қорытындылары және жоспарларыңыз? Сол тағылымдама оларды іске асыруға көмектесті ме?

Тағылымдамада мен нағыз ғалымның қандай дағдылар мен білімдерге ие болуы керектігін түсіндім. Өз жұмысыңды барынша тиімді жасау үшін сенің ой-өрісің өте кең болуы тиіс екенін ұғындым. Nazarbayev University бакалавриатын бітірген соң мен бағдарламасында көп химия мен физика болатын магистратураға түсуді шештім, және нәтижесінде Париж ХІ Университетіне түстім. Қазір мұнда физикалық химияны аяқтадым, мен радиациялық биологияда мамандандым. Ал келешекте осы университеттің медицина мектебі жанында мені онкология мамандығы бойынша докторантура күтуде. Мен радиациялық терапия обыр ісіктерінің айналасындағы иммундық жасушаларға қалай әсер ететінін зерттейтін боламын.

8.11.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 137