YESSENOV DATA LAB ТАЛДАУШЫЛАР ҮШІН

Бүгінде әлемдегі ең көп сұранысқа ие және жақсы төленетін кәсіптердің бірі – деректерді талдау жөніндегі маман (Data Scientist). Қазіргі таңда бұл кәсіпте кәсіпқойлардың жетіспеушілігі тек АҚШ-та шамамен 190 мың адамды құрайды. Оларға Қазақстанда да сұраныс көбеюде. Заманның сын-тегеурініне ден қойып, академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры Almaty Management University (AlmaU) бірлесе отырып, Қазақстан үшін бұл бағытта 20 маманды даярлайтын Yessenov Data Lab жазғы мектебіне қабылдауды бастады.

YESSENOV DATA LAB ТАЛДАУШЫЛАР ҮШІН

— Біз нарықты зерттедік және де қазіргі бағдарламалар (мысалы, Laboratory Kaspi) тіпті қазақстандық нарықтың сұранысын да жаба алмайтынын түсіндік. Сондықтан біз еліміздің жетекші бизнес-жоғары оқу орнымен серіктестікте өзіміздің жазғы зертханамызды ашуға шешім қабылдадық, – деп хабарлады Есенова атындағы қордың бағдарламалар менеджері Ильзира Алдагарова. – Бағдарламаның мақсаты – талдаушыларды даярлау, деректер талдауының ғылымда қолдануына жәрдемдесу және де бұл салада зерттеу қызметін ынталандыру, қазақстандық ұйымдар мен компанияларда деректерді талдау дағдыларын қолдану, – деп толықтырды.

Жоба бастамашыларының айтуы бойынша, мектеп жазғы демалыс лагері ретінде болмайды: 8 апта ішінде қатысушылар деректерді жинауды, өңдеуді және визуалдауды, бірікпеген ақпараттан тұратын деректердің үлкен ауқымдарын зерттеуді, және де осының негізінде қазіргі бизнес-үдерістерді оңтайландырып, шешім қабылдауды үйренеді. Дәрістер барысында қатысушылар кескіндерді танып, табиғи тілмен(NLP) жұмыс істейді, Kaggle порталында есептерді шешеді. Мектептің соңғы 2 аптасын қатысушылар жобалық есептердің шешіміне арнайды, ал бұл өзінше бір емтихан болады. Курсты сәтті аяқтаған қатысушылар Data Science маманының сертификатына ие болады.

Бұл саладағы жетекші мамандар мектептің дәріскерлері болады. Дмитрий Котовенкомен (AGT International, Frankfurt), Марина Горловамен(Yandex.Money, Санкт-Петербург), Михаил Липковичпен және Дмитрий Русановпен (EPAM Systems, Санкт-Петербург), сонымен қатар AlmaU профессорлары Қуаныш Абешевпен және Тимур Бакибаевпен (АҚШ пен Германияда PhD дәрежесін алған) келіссөздер жүргізілуде.

Қор конкурсқа өтінімдерді қабылдауды бастады, оған мықты талдамалы ойлау қабілеті бар студенттер, сондай-ақ жұмыс істейтін мамандар да қатыса алады. 20 гранттың тағдырын шешетін сараптау кеңесі, бірінші кезекте, үміткерлердің талдамалы қабілеттеріне, олардың статистика мен алгебра негіздерінің білуіне көңіл аударады. Техникалық мамандық алған және Intermediate (6.5 IELTS/ 90 TOEFL) деңгейінде ағылшын тілін меңгерген, бағдарламалау тәжірибесі бар үміткерлерге артықшылық беріледі. Кандидаттар өтінімдерді кез келген тілде (мемлекеттік, орыс, ағылшын) бере алады.

Конкурс 3 кезеңмен өтеді. Бағдарлама туралы ереже және өтінім қордың сайтында жарияланған.

— Алынған өтінімдер бағаланған соң, сәуір айында біз екінші тур өткіземіз – логикаға, бағдарламалауға, статистика мен алгебра негіздерінің білуіне арналған емтихан. Негізгі назар конкурс қатысушыларының логикалық ойлауын бағалауға аударылады. Емтихандар біздің университетімізде Алматы қаласында және Қазақстан бойынша емтихандарды тапсырудың сенімді орталықтарында қабылданады. Орталықтардың күндері мен мекенжайлары туралы біз екінші турға өткен барлық қатысушыларға хабарлаймыз, – деп айтты Almaty Management University профессоры Тимур Бакибаев.

Мамырдың ортасына дейін аяқталатын үшінші кезеңде барлық үміткерлердің қордың Сараптау кеңесімен сұхбаттасуы болып өтеді. Конкурстың барлық 20 жеңімпазының, Yessenov Data Lab тұңғыш жазғы мектебі студенттерінің есімдері мамыр айының соңына қарай белгілі болады. Алматы қаласынан тыс жерде тұратын жеңімпаздарға Қазақстан аумағы бойынша авиаұшуға, сонымен қатар тұру мен тамақтануға шығыстары өтелетін болады. «Big Data»ұғымының өзі 2008 жылы пайда болған, ал «Data Scientist» кәсібі академиялық және салааралық пән ретінде ресми түрде 2010 жылдың басында тіркелген. Кәсіптің пайда болуының қажеттілігі қазіргі таңда әңгіменің математикалық статистика стандарттарының шамасы келмейтін, өңдеуді қажет ететін деректердің тым үлкен ауқымдары туралы айтылуына негізделген.

6.03.18, Жаңалықтар

Көру саны: 177

Другие новости