YDL ШIЛДЕДЕ БАСТАЛАДЫ. ҚАЛАЙ?

Академик Ш.Есенов атын. ғылыми білім беру қоры екі айлық байқауын аяқтап, жас ғалымдарға арналған Yessenov Data Lab (YDL) жазғы мектебінің 20 студентін іріктеп алды. Оқу шілде айында басталады. Енді, коронавирусқа қатысты жағдайға байланысты, мектеп ұйымдастырушыларына оқыту форматын таңдауды жүзеге асыруы керек: онлайн немесе офлайн.

Алғашында жазғы мектепті AlmaU-дегідей өткен жылдардың тәжірибесіне сүйене отырып, әл-Фараби атын. ҚазҰУ аудиторияларында өткізу жоспарланған болатын.  Алайда, үшінші жазғы мектеп COVID-19 пандемиясың сынағына тап болды. Нәтижесінде, елімізде төтенше жағдай жарияланды, Алматыға карантин қойылды, ал елдегі барлық жоғары оқу орындарының оқу процесі қашықтан білім алуға ауыстырылды.

— Қазіргі таңда біздің алдымызда YDL-ді оффлайн немесе онлайн форматында өткізу таңдауы тұр, – деп бағдарлама үйлестірушісі Тоқтар Ескендіров хабарлады — Әрине, оффлайн оқытудың артықшылығы көп. Мысалы, студент туындаған сұрағын бірден тікелей лекторға қоя алады. Сонымен қатар, оффлайн форматы практикалық тапсырмаларды орындау барысында күмән тудыратын жолдарды  бірден оқытушыға көрсетіп, жауап алу кезінде де ыңғайлы.

Алайда, карантин шараларының салдарына байланысты, басқа қалалардағы студенттердің келуін ұйымдастыруда қиындықтар туындап тұр. Атап айтқанда, 20 жеңімпаздың 13-і Алматыдан тыс қалаларда тұрады, ал, әуе қатынасы тек үлкен шектеулермен, ел астанасымен ғана қалпына келтірілуде. Пандемияға қатысты жағдайдың қалай өрбитініне байланысты қор құрылтайшысы Ғалымжан Есеновпен және Айжан Есім бастаған қамқоршылар кеңесімен мектептің қандай формада өтетіні жайлы шешім қабылданады.

— Бізде жазғы мектепті өткізу үшін барлық қажетті инфрақұрылымы бар аудитория дайын. Онда балалар бір-бірінен жеткілікті қашықтықта отырып, білім ала алады. Әрине, біз YDL-ді оффлайн режимінде өткізгіміз келеді, алайда, бұл елдегі коронавирустың жағдайына және қордың шешіміне байланысты болады, — деп ҚазҰУ оқу жұмысы жөніндегі проректоры Асқар Хикметов түсіндірді.

Мамыр айының бірінші жартысында, қор биылғы YDL-дің өту форматы жайлы шешім қабылдайды. Және де, аталмыш шешім Қазақстан Президентінің Алматы қаласындағы карантин режимін жоюдың мүмкін мерзімі деп жариялаған 11 мамырдан кейін болуы мүмкін. Осы жылы YDL жазғы мектебінде білім алуға,  жалпы саны 199 студент,  яғни болашақ ғалымдар ұмтылды.  Үміткерлердің негізгі мақсаты – ғылыми зерттеулер барысында алынған мәліметтерді өңдеу үшін үлкен деректермен жұмыс жасау дағдыларын игеру. Ал, оқу гранты тек 20 үміткерге бұйырды. Биылғы мектеп мұғалімдерінің қатарында Қуаныш Әбішев (Инженерлік менеджмент мектебінің деканы, AlmaU), Айдос Сәрсембаев (ассистент-профессор, ХАТУ) және де Дархан Аймағанов (Arbuz.kz өнім талдаушысы). Жазғы мектепті өткізудегі Shakhmardan Yessenov Foundation серіктесі — әл-Фараби атын. ҚазҰУ.

7.05.20, Жаңалықтар

Көру саны: 197

Другие новости