СОЛТҮСТІК-ҚАЗАҚСТАН ЖОО ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми білім беру қорының ағылшын тілі бағдарламасының байқауы аяқталды. Осы күзде шамамен 160 студент пен оқытушы өздерінің шетел тілін меңгеру деңгейін арттыруды бастайтын жоғары оқу орны болып М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (Kozybayev University) атанды. Финалдың өтуі жайлы бағдарлама үйлестірушісі Айгерім Султан айтып берді.
Финалда жеңіс үшін қандай ЖОО күресті?
Байқауға 18 өңірлік университеттен өтінімдер алдық – бағдарлама тек қана жоо үшін өткізіледі. Еліміздің барлық оқу орындары қатысты. Финалдық тізімде біз үш университетті қалдырдық – Қарағанды техникалық университеті, С.Өтебаев атын. Атырау Мұнай және газ университеті және М. Қозыбаев атын. СҚМУ.
Жеңімпазды қалай таңдадыңыз?
Келесідей факторлар шешуші рөл ойнады: бағдарламаға қолжетімділік пен қызығушылық, студенттердің уәждеме деңгейі, қашықтықтан оқытуға арналған алаңның болуы мен деңгейі, білім алушыларды бағдарлама туралы ақпараттандыруға және өтінімдердің ең көп санын жинауға арналған ресурстардың болуы. Жоғарыда тап өткен барлық үш университетке барып, жоғары оқу орындарымен таныстық, сол жердегі жағдайларды зерттедік. Ең үздік көрсеткіштер Kozybayev University-де деген тұжырымға келдік. Кездесуде жоо қызметкерлері бізге дәл олардың оқу орнының жобаға қатысуға лайықты екенін басқа оқу орындарындағы өз әріптестерінен гөрі белсендірек дәлелдеп, неліктен дәл олардың университетіне осы мүмкіндіктің қажет екенін айқын түсіндірді.
ЖОО таңдадыңыз. Әрі қарай не болады?
Мамырдың соңына дейін университетпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоямыз, оқу жылына дайындықты бастаймыз. 2022 жылғы қыркүйекте жеңімпаз болған жоо-да студенттер мен оқытушылардың іріктеуі өтеді, ал қазаннан бастап оларды оқыту басталады. Бағдарлама бір жылға созылады. Үздік студенттер дәстүрлі түрде қор есебінен IELTS тапсыру құқығын алады.
Бағдарлама қатысушыларын қалай іріктейсіздер?
Байқау екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде – әрбір қатысушы өтінімі мен эссенің мазмұнына байланысты және де, әлбетте, олардың академиялық оқу үлгерімін есепке ала отырып, балдар алады. Балдардың ең көп санына ие болған қатысушылар финалға өтеді. Онда қордың және бағдарламаның серіктесі – Bonas Macfarlane Education орталығының мамандары студенттер мен оқытушыларға онлайн тестілеу және сұхбаттасу өткізеді. Айдың соңында бағдарлама қатысушыларының аты-жөнін жариялаймыз. Топтарды тілді меңгеру деңгейі бойынша қалыптастырамыз. Kozybayev University-дің 160 студенті, оқытушысы, магистранты және докторанты ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыра алады.
Бағдарламаның оқытушылары туралы айтып беріңізші.
Bonas Macfarlane бүгінде оқытушыларды іріктеумен айналысуда. Сондықтан да, бір нәрсе ғана белгілі: бұрынғы жылдардағыдай, бұл ағылшын тілі туған тілі болып табылатын кәсіби сертификатталған оқытушылар болады.
Kozybayev University Басқармасының инновациялар және халықаралықтандыру мәселелері жөніндегі мүшесі Дамель Мектепбаева былай деп баяндады:
— Біздің жоо жеңіске жеткеніне және осындай тамаша бағдарламаға қатысқанына қуаныштымыз және де оқу жылының басталуын асыға күтеміз. М.Қозыбаев атын. СҚМУ қазіргі таңда академиялық және ғылыми тұрғыда жаһанды трансформациядан өтуде, және де оның қызметкерлері мен студенттерінің ағылшын тілінің деңгейін арттыру осы процестің маңызды бөлігіне айналады.
Shakhmardan Yessenov Foundation Қазақстанның өңірлік жоғары оқу орындарына арналған ағылшын тілі бағдарламасын 2013 жылдан бастап іске асыруда. Оның қатысушылары әртүрлі жылдарда Ш. Есенов атын. Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті (қазір – Yessenov University), Қорқыт Ата атын. Қызылорда университеті және Қарағанды медициналық университеті болды. 2020 жылдан бастап бағдарлама онлайн түрде өтеді. Бағдарлама басталған сәттен бастап онда 825 қазақстандық білім алды.
4.05.22, Жаңалықтар
Көру саны: 214