«АЛМАТЫ МАРАФОНЫМЕН» БІРГЕ
Өңірдің ең ірі халықаралық спорттық «Алматы марафоны» іс-шарасының ұйымдастырушысы ретінде танымал, «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қорының құрылтайшысы – Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры.
Бұл ақпаратты Ш. Есенов атындағы қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева хабарлады:
– Қор «Алматы марафонының» әкімшілік шығыстарын өтейтін болады. Сонымен қатар ғылыми-білім беру қорының жинақтаған тәжірибесі корпоративтік қордың бизнес үдерістерін оңтайландырып жақсартуына көмектесетініне сенімдіміз, – деп айтты.
Ш. Есенов атындағы қордың құрылтайшысы бизнесмен Ғалымжан Есенов. «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесіне басшылық етті. «Дамудың жаңа стратегиялық бағытына сәйкес, биылғы жылы қор мен марафонның қолдауымен спорттың түр-түрі бойынша әлдеқайда көп іс-шаралар өткізуді мақсаттап отырмыз: биылғы жылы алғашқы рет жүзу, дуатлон және триатлон бойынша жарыстарды өткіземіз» – деп Есенов ойымен бөлісті.
–Біз екі ұйым қызметінің қайырымдылық бағыттылығын есепке ала отырып, қорлардың ынтымақтастығы үздік нәтижелер беретініне сенімдіміз. Өткендегідей, марафонның тіркеу жарналары қайырымдылыққа жіберіледі. 2012-2016 жылдардың кезеңі үшін бұл сома 34 млн. астам теңгені құрады. Биылғы жылы «Алматы марафонының» қайырымдылық мақсаттарына Алматы қаласының ерекше мұқтаждықтары бар (есту, қимыл-тірек аппараты, көру және сөйлеу қабілетінің бұзылыстары бар) балаларға арналған 6 мамандандырылған мектеп-интернатына көмек көрсету кіреді, – деп түсіндірді «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева.
«Алматы марафоны» осы жылы алтыншы рет өтетін болады. Алғашқы рет ол 2012 жылы өткізілді. Марафон өткізілген 5 жыл ішінде Ғалымжан Есенов және оның зайыбы Айжан Есім негізін қалаған жоба бейжай қарамайтын адамдарды және көпшілік спортқа қолдау көрсететін, оны дамытатын, салауатты өмір салтын және қайырымдылықты насихаттайтын компанияларды біріктіретін әлеуметтік алаңға айналды. Ғалымжан Есенов – «АТФ банк» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы және Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының негізін салушы.
Бірінші «Алматы марафонына» 2500 адам қатысты. Ал 2016 жылы Марафонға 40-тан астам елден 13 972 адам қатысты. Орта есеппен бір марафонды ұйымдастыруға 157 млн. теңге жұмсалады, бұл соманың көп бөлігін «Алматы марафоны» корпоративтік қорына демеушілер ұсынады. «Бірінші болу батылдық» қорының ұйымдастыруымен тұрақты түрде өткізілетін іс-шаралардың арасында «Алматы марафонынан» басқа лекторий, марафонның спорттық жәрмеңкесі, жүгіру (әйелдер жүгіруі мен вертикальді жүгіруді қоса алғанда), веложарыстар (Tour of Almaty, балаларға арасында) және пауэрлифтингтен Қазақстан және Азия чемпионаттары мен тағы басқа шаралар да бар.
2.03.17, Жаңалықтар
Көру саны: 174