KOZYBAYEV UNIVERSITY-ДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯҚТАЛДЫ

Yessenov Foundation 2013 жылдан бері Қазақстанның аймақтық университеттерінде өткізіп келе жатқан екі жылдық ағылшын тілі бағдарламасы аяқталды. 2022-2024 жж. қайырымдылық қор бұл бағдарламаны Kozybayev University-де іске асырып келді. 301 студент пен оқытушы ағылшын тілінің дейгейін жақсартып, бағдарлама бойынша оқуды сәтті тәмамдады. Ал солтүстік-қазақстандық үздік 50 студент пен оқытушы қор есебінен IELTS тапсырды. Бағдарламаның қалай өткені және қандай нәтижелермен аяқталғаны жайлы оның менеджері Айгерім Султан айтып береді.

Айгерім СултанПетропавлда орналасқан Kozybayev University 2022 жылдың көктемінде академик Шахмардан Есенов ат. ғылыми білім беру қорының ағылшын тілі бағдарламасының байқауында жеңіске жетті.  Сол кезде оған 18 ЖОО қатысты. Бағдарламаның мәні: оқу жылының әр аптасында алдын ала іріктеуден өткен жеңімпаз университеттің студенттері мен оқытушылары сертификатталған ана тілінде сөйлейтін оқытушылармен 2 сабақтан өтеді; әрбір академиялық жылдың қорытындысы бойынша олардың үздіктері Есенов қоры есебінен IELTS тапсырады.

Айгерім, Kozybayev University бағдарламасына қанша студент пен оқытушы қатысты?
Онда бірінші жылы 93 бакалавр және 74 оқытушы мен магистрант, ал екінші жылы сәйкесінше 77 және 105 адам оқыды. Яғни, жалпы алғанда, бағдарламаға 349 адам қатысты, оның 301 финалға дейін жетті. Студенттердің кетуі бағдарламаның күрделілігімен, ана тілінде сөйлейтіндермен шет тілін түсінудегі қиындықтармен және үлкен академиялық немесе кәсіби жүктемелермен байланысты болды.

Бағдарламаның бірінші оқу жылындағы қатысушы екінші жылға іріктелуі мүмкін бе?
Иә, бірінші жыл қатысушылары оқуын жалғастыра алады. Мұндай студенттер саны айтарлықтай жеткілікті болды.

Оқу қалай өтті?
Сабақтар аптасына екі рет 90 минуттан онлайн режимінде өткізілді. Курстарды ана тілінде сөйлейтіндер, кәсіби оқытушылар жүргізді. Оқу бағдарламасы көптеген практикалық сабақтарды қамтыды. Қатысушылар ауызша және жазбаша сөзді дамытты.

Бағдарлама қатысушыларының ағылшын тілін білу деңгейінің өзгеруін қалай өлшедіңіздер және нәтижелері қандай?
Қатысушылардың үлгерімін бағалау үшін бағдарлама оқытушылары оқу жылы ішінде екі рет грамматика бойынша тесттер мен ауызша сөйлеу тілі бойынша емтихан (speaking) өткізетін. Нәтижелерге сүйене отырып, барлық қатысушылар ағылшын тілін кемінде бір деңгейге көтерді деп айтуға болады. Яғни, егер жыл басында студент A2 (Pre-Intermediate) деңгейіне ие болса, соңына қарай ол В1 (Intermediate) ие болды. Бағдарлама қатысушыларының сөздік қоры молайып, жазбаша және ауызша сөйлеу тілі жақсарды. Ал Шахмардан Есенов ат. қордың ағылшын тілі бағдарламасының ең озық студенттері IELTS-ке дайындалу арқылы Kozybayev University-де жақсы тәжірибеден өтті. Нәтижесінде 2 жыл ішінде 28 қатысушы C2, 44C1, 62B2 және 101 адам B1 деңгейіне көшті.

 Айгерімге бірнеше сұрақ қойған соң, бағдарлама қатысушыларынан бұл туралы не ойлайтындарын сұрадық.

 Дария Түлегенова, 4 курс, жалпы медицина:
Аудиосабақтар, бейнематериалдар, интерактивті тапсырмалар – мұның барлығы оқу процесін қызықты әрі серпінді етті. Оқытушы әрдайым қиын сәттерді түсіндіруге дайын болды. Мен сенімді сөйлеп, жақсы түсіне бастадым.

Темірлан Есмағамбет, 1 курс, басқарудағы ақпараттық жүйелер:
– Артықшылықтары: ежекті оқытушы және IELTS-ке дайындалу үшін жақсы материал. Кемшілігі – сабақ форматы-онлайн, біраз уақыттан кейін қызығушылық жоғалады.

Чингиз Даулетбаев, интерн, жалпы практика дәрігері:
– 2 жылда мен өз деңгейімді Elementary-ден Upper Intermediate-ке дейін көтердім. Қаламызда тілдік орта жоқ және де Yessenov Foundation бұл мәселені шешуге көмектесті. Мен ағылшын тілінің иесімен сөйлесуге, listening дағдыларымды дамытуға, сөздік қорымды толықтыруға мүмкіндік алдым. Writing үшін көбірек оқу уақыты берілгенде жақсы болар еді.

Диляра Сейдахметова, университет кітапханашысы:
– Мен жұмыс істеймін және бұрын ағылшын тіліне уақыт таппайтынмын, бірақ біздің ЖОО-дағы бағдарлама арқасында тілге кірісіп қана қоймай, IELTS емтиханын тапсыра алдым. Оқытушымыз Энтониге рахмет.

Гүлнұр Мәжітова, магистр, «География және экология» кафедрасының аға оқытушысы:
– Курс қызықты болды. Ана тілінде сөйлейтін адам сабақ бергендіктен, біз дұрыс айтылуды, интонацияны, екпінді естідік және есте сақтадық. Ол бізбен диалогқа көп көңіл бөлді. Бірақ оқытушының интернет байланысының сапасына қатысты мәселелер болды. Дегенмен бағдарламаны өткеннен кейін ағылшын тілін анағұрлым жақсы түсінемін.

Yessenov Foundation ағылшын тілі бағдарламасының менеджері Айгерім Султанға оралып, оған тағы бірнеше сұрақ қойдық.

Айгерім, IELTS тапсыру үшін қанша студент, оны кім және қалай іріктеді? Олар емтиханды қалай тапсырды?
Тестілеу нәтижелері бойынша және екі жылдағы сабаққа жалпы қатысуды (әр жылдың соңында 25 адам таңдалады) ескере отырып, қордың гранты бойынша IELTS емтихандарын тапсыру үшін үздік 50 курс тыңдаушысын таңдадық. Таңдауды Нейтан Махер (Nathan Maher) және Энтони Дюрант (Antony Durrant) жасады. 60%-ды қорытынды тест, 20%-ды сабаққа қатысу, 10%-ды үй тапсырмасы және 10%-ды студенттердің процеске қатысуы шешті. IELTS емтихандарын 16 және 17 маусымда British Council өткізді. Олар Kozybayev University қабырғасында офлайн режимінде өтті. Емтиханда 7.5 және 8 деген ең жоғары баллды бірінші курс студенттері Михаил Верещагин мен Никон Веремейчик оқытушылар Альбина Бунина, Дарина Малдыбаева, Татьяна Ширина алды. Бағдарламаның тағы төрт оқушысы емтиханда 7 балл алды. Бұл өте жоғары көрсеткіштер.

Yessenov Foundation ағылшын тілі бағдарламасы 2024-2026 жж. қайда өтеді?
Біз оны Д. Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан техникалық университетінде іске асырып келеміз. Ол биылғы көктемде біз өткізген байқауда жеңіске жетті. ЖОО Қазақстандағы өтінім берген 11 оқу орнының ішінде үздік болып шықты. ЖОО-ның 320-ға жуық студенті мен оқытушысы алдағы екі жылда қор бағдарламасының арқасында ағылшын тілін меңгеру деңгейін көтере алады деп күтеміз. Дәстүр бойынша үздік 50 қатысушы IELTS-ті біздің есебімізден тапсырады. Ағылшын тілі бағдарламасының артықшылықтарын пайдалана алатын аймақтық университетті анықтау үшін бағдарламаның келесі байқауын 2026 жылдың көктемінде өткізуді жоспарлап отырмыз.

Бағдарламаның 10 жылдан астам уақыт ішінде оларды қанша университет студенті мен оқытушысы пайдалана алды?
697 бакалавриат студенті және 484 оқытушы мен магистрант, яғни, 4 аймақтық қазақстандық университеттерден барлығы 1181 адам. Сөз қазіргі Ақтаудағы Yessenov University, Қорқыт ата ат. Қызылорда университеті, Қарағанды ​​медицина университеті және қазіргі Петропавлдағы Қозыбаев ат. Солтүстік Қазақстан университеті сияқты Қазақстанның жоғары оқу орындары туралы болып отыр. Шығыс Қазақстандағы ЖОО бағдарламаның бесінші қатысушысы болды.

Yessenov Foundation қорының ағылшын тілі бағдарламасы не үшін қажет деп ойлайсыз?
Бүгінгі күні ағылшын тілін неғұрлым жақсы білсең, соғұрлым өз мамандығыңды және ондағы ең жаңа трендтерді жақсы білесің. Мәселе аймақтарда шиелініскен жағдайда болғандықтан, біз бағдарламаны тек Қазақстанның аймақтық университеттерінде іске асырамыз.

Сұхбат үшін алғыс білдіреміз, Айгерім.

2.07.24, Жаңалықтар, Жаңалықтар

Көру саны: 189

Другие новости