ҚЫТАЙҒА БАРАР ҮШ ЖЕҢІМПАЗ

«Қытайдың инновациялық кәсіпорындарындағы тағылымдама» байқауының жеңімпаздары, міне осылар:

1.    Дінсұлтан Әбсаттар (20, қызылордалық, SDU студенті)
2.    Олжас Адиятов (26, қостанайлық, Nazarbayev University түлегі)
3.    Арман Жармағамбетов (22, ақтөбелік, Халықаралық ІТ университеті магистранты)

Жеңімпаздардың жетістіктерінің біршамасымен таныстырып кетейік: Дінсұлтан зауыттарда әр түрлі мақсатта (мысалы конвейерлерде машина жинау үшін) қолданылатын универсалды әмбебап робот прототипін Arduino UNO платформасында жасады.  Ал робототехника және мехатроника факультетінің түлегі Олжастың зерттеуі – бұл кедергі бар кезде роботтандырылған жүйенің іс-әрекетінің реттілігін жобалау проблемасы. Арман өзінің оқу орнында математикалық және компьютерлік модельдеуді үйренуде. EXPO-2017 шарасына дайындық аясында автономдық робот-гидті жарыққа шығаруға қатысты.

Тағылымдама Шеньчжен қаласындағы Makeblock компаниясында өтеді. Робототехникалық стартап болып басталған бұл ұйымның қатарында 2013 жылы бас аяғы он адам болса, бүгінгі таңда 120-дан аса мамандардың басын қосты.  Компанияның конструкторлық платформасында DIY («өзің жаса») роботтары жасалды.  Makeblock-тың әріптестерінің қатарында Arduino мен Microsoft бар. Ресми дистрибьютерлері 40 елде таныстырылған стартап 150 миллион доллары мөлшерінде инвестиция тарта алда.

Байқаудың жеңімпаздарын қордың Сарапшылар кеңесі анкетасын тапсырған 38 үміткерлердің арасынан таңдап алды.  Сарапшылар қатарында қордың операционды директоры Ирина Грищенко, Қазақстан-Қытай серіктестігінің орталығы Silk Road компаниясының директоры Тілектес Адамбеков пен қордың Қамқоршылар кеңесінің мүшелері Ералы Сауранбаев пен Эльдар Ахметгалиев (PhD) болды. Кеңес жұмысына, сонымен қатар, робототехникалық Lego Education жобасының менеджері, заведующий отделом национальных проектов группы компаний «Меломан» компаниялар тобының ұлттық жобалар бөлімінің меңгерушісі Низами Мамедов та қатысты.

Байқаудың қорытындысы жайлы Ирина Грищенко келесідей пікір бөлісті: «Бастапқы жоспарымыз бойынша тағылымдамаға бес адам жібермекші болғанбыз. Алайда өтінімдерді қарастыру барысында ең мықты да лайықты үш үміткерді көрдік.  Осы қатысушылар мен Makeblock инновациялық кәсіпорнының бағыты мейлінше үйлесті.  Дегенмен құжат тапсырған қазақстандық робототехника және ІТ мамандарында қызықты идеялардың баршылығын байқадық. Оларға осы идеялардың іс жүзіне асуына көмек болады деген оймен біздің басқа да гранттық бағдарламаларымызға қатысуды ұсынамыз.»

27.04.16, Жаңалықтар

Көру саны: 124

Другие новости