АСТАНАДА ЕЛ КУБОГЫ АЯҚТАЛДЫ
Бүгін Астанада Қазақстанның классикалық шахмат бойынша Кубогы финалының салтанатты жабылу рәсімі болып өтті. Ақтөбе қаласынан келген Кирилл Кудеринов (5,5 ұпай) беделді олжаның және жүлделік 400 мың теңгенің иегері болып атанды.
Құрмет тұғырына жарыстардың қорытындылары бойынша сондай-ақ Евгений Егоров (екінші орын, 4,5 ұпай) және Арыстанбек Уразаев (үшінші орын, 4 ұпай) шықты. Турнир кестесінің жетінші орнын алған Қазақстанның қазіргі чемпионы Петр Костенконың осы турнирда жолы болмады.
Кубок шеңберінде әйелдер арасындағы жарыс тартысты күреске айналды. Жеңімпаз тек соңғы турдың ақырғы партиясы аяқталған соң ғана анықталды. Кубок және жүлделі 400 мың теңге Ресейден келген ФИДЕ Шебері Альфия Насыбуллинаға (5,5 ұпай) бұйырды. Айтпақшы, Альфияның ата-анасы Астанада туып-өскен және де олар шахматпен кәсіби түрде айналысқан. 5 ұпайдан жинаған Гулисхан Нахбаева (екінші орын), Шолпан Жылқайдарова(үшінші орын) және Елена Анкудинова (төртінші орын) жеңімпазға бәсекелестік көрсетті.
12 жастағы астаналық Қазыбек Ногербек ұлдар арасында шахмат бойынша ел Кубогының иегері атанды. Ол мүмкін болатын 9 ұпайдан 7,5 ұпай жинады. Қыздар арасында жарыстардың жеңімпазы болып Амина Каирбекова атанды (6,5 очков). Жас шахматшы қыз бұдан бұрын 9 жасқа дейінгі әлем чемпионы атағын жеңіп алған екен. Жасөспірімдер турнирінде кубок иегерлеріне әрқайсысына 90 мың теңге берілді.
– Жыл бойы болып өткен, Республика кубогы кезеңдерінің нәтижелері бойынша, Астана қаласына финалға ең мықты қатысушылар іріктелді. Кубок финалы ерлер, әйелдер, 14 жасқа дейінгі ұлдар және 14 жасқа дейінгі қыздар арасында айналма жүйе бойынша төрт турнирден тұрды. Күрес, әсіресе әйелдер арасында, өте тартысты өтті. Жастар үздік нәтижелер көрсетті. Жарыста 2016 жылдың еліміздің ең мықты шахматшыларын анықталды, – деп турнирдің бас төрешісі Ержан Шакенов марапаттау рәсімінен соң бізбен бөлісті.
– Қазыбек Ногербек және Амина Каирбекова – Кубок жеңімпаздары – «Astana» Ортталық шахмат Клубының тәрбиеленушілері болып табылады. Олар 2017 жылы Бразилия мен Уругвайға шахмат бойынша әлем чемпионатына барады. Балаларға сапардың, жарыстарда тамақтану мен тұрудың ұйымдастыруын Қазақстандық шахмат федерациясы (ҚШФ) қамтамасыз етеді, – деп ҚШФ атқарушы директоры Ирина Грищенко нақтылап айтты.
Ел Кубогының ең жас қатысушысы 1-разрядтың иегері – 9 жастағы Алихан Галымбек, ал ең ересек қатысушысы – сеньориталар арасында Әлем чемпионы Елена Анкудинова. Кубок регламентіне сәйкес оған басқа елдердің өкілдері де қатысуға құқығы болды, және де әйелдер финалында жеңіске жеткен Альфия Насыбулина – олардың бірі.
Жарыстарды Республикалық спорт және дене шынықтыру жөніндегі комитет, Қазақстандық шахмат федерациясы және «Astana» Орталық шахмат клубы ұйымдастырды. Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры финалдың бас демеушісі болды. Турнирдің жалпы жүлделік қоры 3 млн. теңгені құрады.
26.12.16, Жаңалықтар
Көру саны: 165