Тимур Ибраев

Мамандануы: Электротехника және электроника. Тағылымдама: NanoComputing Research Lab, АҚШ.

23 жастағы Тимур Петропавл тумасы, Назарбаев Университетінің төртінші курс студенті.  2015 жылдың жазында Нью-Йорктың Рочестер технология институтында орналасқан NanoComputing Research Lab зертханасында тағылымдамадан өтті.

1. Дәл осын мамандықты қалайша, неліктен таңдадыңыз?
Назарбаев Университетінде алдын-ала дайындық жылын тамамдағаннан кейін, инженерия факультетінде электротехника және электроника мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды шештім. Бағдарламалауды білуді қажет ететін жұмыс үшін мамандық алуды қаладым. Шешімімнің екінші бір себебі – мамандықтың бір бөлігі энергетика болды. Біздің елімізде бұл маңызды салалардың бірі екені құпия емес қой. Ең қызығы, кезінде түрткі болған екі себептің мен үшін маңыздылығы ғайып болды – бұл мамандыққа ешбір себепсіз бауыр басып қалдым. Бұл мамандық электрикалық тізбектерді егжей-тегжейлі білуге, оларды қалай жобалау жолдарын, электрониканы одан әлде-қайда алыстағы салалармен, мысалы биологиямен қалай байланыстыруға болатынын түсіну мүмкіндіктерін берді.  Менің қазіргі таңдағы жұмысым мидың нейрондық жұмысы принциптеріне негізделген электрикалық тізбектерді жобалаумен байланысты.

2. Тағылымдамаға арналған конкурста сіз үшін қызықтысы, қиыны не болды?
Байқау кезінде ең қиыны тағылымданың өту орнын таңдау болды. Шахмардан Есенов атындағы қормдың берген мүмкіндігі біз үшін үлкен таңдауларға жол ашты. Өз таңдауымда мен беделді университет пен үздік профессор таңдау және конференцияға қатысуға болатын баяндама сияқты нақты нәтиже алу теңгерімдерін ұстандым. Нәтижесінде Рочестер технология институтын таңдадым және таңдауым өзін ақтады. АҚШ-та жұмыс жасаған тақырыбым мен Қазақстандағы зерттеуіммен бір болғандықтан, тағылымдама нәтижесінде ғылыми жұмыс жазып, оны конференцияда ұсындым. Мен бұл тақырыпты дамытуды тағылымдамам аяқталса да, жалғастырудамын.

3. Тағылымдама қалай өтті, қызықты өтті ме?
Тағылымда кезінде ең қызығы мен жұмыс жасаған зертханадағы адамдармен қарым-қатынас орнатып, тілдесі болды. Өзіңді түсінетін, сенімен бір ағындағы адамдардың айтқанына құлақ салу тек қана қызықты емес, сонымен қатар, пайдалы. Себебі, олар саған ғылыми жұмысыңмен көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ, баға жетпес кеңестерімен бөлесіді. Тағылымдама кезінде АҚШ-тағы магистратура немесе докторантурадағы оқудың сенің алдында қандай мүмкіндіктер ашатынын және де менің мамандығымдағы студенттерді қандай компаниялардың тағылымдамаға қуана қабылдайтынын білдім. Олардың ішінде IBM, Apple, Samsung, Intel сияқты компаниялар бар. Сонымен қатар мен PhD алғаннна кейін жұмысқа орналасу қиын деген күмәнімді сейілттім.  Шындығына келсек нағыз маман – барлық жерде де маман.

4. Сіз қандай тәжірибе алдыңыз, тағылымдаманың сізге қандай көмегі тиді?
Менің жұмысымның негізгі мақсаты — мидың нейрондық жұмысына еліктейтін, адамның жүзі көріп, тілін түсіне білетін электрикалық тізбектерді жасау. Тағылымдаманың ең басты нәтижесі 2016 жылы Канаданың Монреаль қаласында өткен ISCAS электротехниктердің ең ірі конференциясында ұсынған ғылыми жұмысым болды. Ары қарай мен IEEE Transactions on Biomedical Circuits and Systems бетінде жарияланған толыққанды ғылыми жұмысымды жалғастырдым. Қазіргі таңда рецензиядан өтіп жатқан бір-екі жұмысым бар. Менің ойымша, Шахмардан Есенов қорының гранты арқасында алған зерттеу тәжірибем менің жоспарларымды іске асырудың шешуші факторы болып табылады.  Мен толық төленетін докторантура бағдарламасы бойынша, қосымша ғылыми қызметкер позициясымен (Research Assistant), Purdue университетінеоқуға түстім. Оқуым тамыз айында басталады. Менің жұмысым электроника және нейроғылым қиылысында болады деп жоспарлаймын. Қазіргі таңда, Назарбаев Университетінде оқуымды тамамдап, жаңа оқу орнына ауысуға құжаттарымды дайындау үстіндемін.

8.11.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 154