ЕНДІ ОЛАР 15!
2019 жылы тағылымдамаға америкалық ІТ-стартаптарға баратын бес жолы болғыш адамның есімдері белгілі болды – академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының конкурсы аяқталды. Осылайша, қордың бұл бағдарламасы жеңімпаздарының жалпы саны 15-ке тең болды.
Қор хабарлағандай, конкурсқа бүкіл Қазақстаннан 78 өтінім келіп түсті. Қатысушылардың арасында еліміздің барлық ірі қалаларының, сонымен қатар Жезқазғанның, Қостанайдың, Ақтаудың және Сарыағаштың тумалары да болды.
— Екінші турға 24 үміткер, оның ішінде 3 қыз өтті. Ең қызықтысы, қыздардың екеуі конкурста жеңіске жетті, – деп хабарлады Роумиса Башаева, қор бағдарламаларының менеджері. — Екінші тур кезінде біздің сараптамалық кеңесіміздің мүшелері конкурстың әрбір қатысушысымен әңгімелесу жүргізді. Қорытындылар бойынша олардың әрқайсысы қатысушыларға өз балдарын қойды, ал біз қойылған балдарды конкурстың бірінші кезеңінде қордың қызметкерлерімен берілген бағалармен салыстырдық. Үміткерлерді бағалауда олардың техникалық даярлығына және ағылшын тілін игеруіне ғана емес, сондай-ақ тұлғалық қасиеттері мен уәждемесіне назар аударылады. Енді, біз барлық жеңімпаздардың АҚШ-қа тағылымдамаға бара алатынына көз жеткізген соң, стартаптарды іріктеуге және тиісті визалардың ресімдеуге кірістік. Бұл жұмысты біз наурызда аяқтаймыз, ал сәуірде барлық жеңімпаздар жолға аттанады деп ойлаймын.
Жеңімпаздар туралы біраз деректер. 22 жастағы Айдана Қурмашева Қазақстан-Британ техникалық университеттің бакалавриатын аяқтап, Codebusters алматылық стартапында еңбек етеді. Конкурстың басқа жеңімпазы Халықаралық IT университетінің түлегі Вадим Миропольский ірі IT-компанияда әзірлеуші болып жұмыс істейді. Ол конкурсқа өтінімді былтырғы жылы берген, бірақ нәтижесіз болды, ал екінші талпынысы сәтті болып шықты:
— Бір жыл ішінде мен бұдан да мықты командаға ауыстым, жетіспеген дағдыларға ие болдым. Бұл тағылымдамаға көп үміт артамын. Ең алдымен, ілгері дамып, өсу: команданың қалай құрылатынын, шешімдердің қалай қабылданатынын, стартаптардың қаржыландыруды және алғашқы пайдаланушыларды қалай іздейтінін түсіну, – деп бөлісті Вадим.
Үшінші жеңімпаз — Ерасыл Дияс Nazarbayev University түлегі. Ол Қазақстанның ең ірі интернет-холдингінде және Horafin ltd үнді стартапында жұмыс істеп, тәжірибе жинады. Ал Алтай Сабырбай еліміздің астанасында Кибератакаларды талдау және тергеу орталығында жұмыс істейді. Жеңімпаздың өзі Сарань қаласының тумасы, ол Қарағанды техникалық университетін тәмамдаған, ал Beijing Institute of Technology оқу орнында магистр дәрежесіне ие болды. Әйгерім Сагандыкова Семейден келді, ірі қазақстандық банктердің біреуінде деректердің аға талдаушысы болып жұмыс істейді. Suleyman Demirel University түлегі, ол биылғы жылы Yessenov Data Lab дәрісшісі болып, қор туралы білді:
— Тағылымдаманың маған тамаша тәжірибе беретініне сенімдімін. Бірақ маған конкурс үдерісінің өзі де қызықты: құжаттарды дайындау және сұхбаттасудан өту. Менің уәждемелік хатымда тәжірибемді жай ғана айтып беруден де көп нәрсені, яғни, менің айналысып жатқан ісіме күшті қызығушылығым мен сүйіспеншілігімді айтқым келетіні есімде. Және де бұл менің қолымнан келді, – деп айтты Әйгерім.
Америкада тұрақты түрде жұмыс істейтін Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының негізін қалаушы Ғалымжан Есенов байқаудың финалын былай түсіндірді: «өтінімдердің сапасы жылдан жылға үнемі өсуде, ал конкурстың жеңімпаздары Кремний алқабында қазақстандықтар қауымдастықтарға қосылады, біз тағылымдамалардан кейін америкалықтардан тамаша пікірлер алдық, және де бағдарламаның отандық ІТ-индустрияны дамытуға маңызды рөл атқаратыны сөзсіз». Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы үшінші рет өткен конкурсқа тиісті біліктілікке және ағылшын тілін меңгерудің деңгейіне ие болатын Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады. Сөйтіп, енді 15 қазақстандық ІТ-маманы АҚШ-тың озық стартаптарында жарты жыл жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
29.11.18, Жаңалықтар
Көру саны: 169