Темірұлан Әлібай
Темірұлан 22 жаста, Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық ниверситетінің (ЕҰУ) магистранты. Ақмола облысының тумасы. Техникалық физика саласында білім алуда.
1. Дәл осы мамандықты таңдадауыңыздың себебі неде?
Физика саласына 7-ші сыныптан бастап қызығушылық таныта бастадым. Сол кезде өз қызметімді алдағы уақытта осы ғылыммен байланыстыруға шешім қабылдадым. Ал соның ішінде техникалық физиканы неліктен таңдадым дейсіз бе? Себебі ол алдағы уақытта әлемдік ғылымда өзекті болатын, маған да қызықты болатын ғылыми жұмыспен айналысытан кең өрістегі бағыттарды қамтиды.
2. Машықтануға түсу үшін өткен байқау туралы айтып кетсеңіз?
Тағылымдаманы мен 2014-ші жылдың маусым және қыркүйек айлары аралығында өттім. Біздің университет сайтынан Шахмардан Есенов атындағы қордың гранттық байқауы жайлы ақпаратты көріп, екі ойланбай-ақ құжаттарымды жинап, өтінім тапсырдым. Америкадағы ғылыми тағылымдама байқауының ең қиыны мен үшін екінші кезең болды. Неліктен екенін білмеймін, алайда өзімнің бірінші кезеңнен өтетініме сенімді болған едім, ал екінші кезеңді өтуім туралы күмәнім көп болды. Тіптен менің соңғы кезеңге өткенім туралы хабар мені таңқалдырды. Жеңімпаздардың бірі болып атанғаннан кейін тағылымдама үшін университет іздестіру, профессорлармен хат алмасу басталды. Маған қор және Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Эльдар Ахметгалиев жеке басы белсенді түрде қолдау көрсетті. Сондықтан да бұл кезеңде аса көп қиыншылықтар болмады.
3. Машықтанудың жалпы сіз үшін пайдасы, сонымен қатар қандай қызықты жайттар болды?
Тағылымдама кезінде әр бір күн ерекше қызық болды. АҚШ-тың зертханалары қалайша жұмыс жасайтынын, қандай айырмашылықтардың бар екенін түсініп салыстыру, сонымен қатар біздің және АҚШ зентханалары арасындағы алшақтықты қалай азайтуға болатыны жайлы іздену – осының бәрі де өте қызықты болды. Болашағым ғылыммен байланысты болатындықтан, мен жергілікті профессорлардың нендей зерртеулермен айналысып жатқанын білу маңызды болды. Мәселен, біздің зертханадағы американдықтар физиканың наномөлшерлі сұйықтық жиынтықтарын және нанокөміртектің кванттық электродинамикасын зерттеуде.
4. Машықтанудың нәтижесін қалай сипаттай аласыз?
Тағылымдама маған, орынды және толығымен пайдалана алған, үлкен мүмкіндік берді. Мен ғылыми жұмыстармен айналыса отырып, көптеген жаңа ақпараттарға, пайдалы дағдыларға ие болдым. Солардың ішінде – уақытты дұрыс қолдану және де ғылыми мақалаларға талдау жасай білу. АҚШ-та өткізген бірнеше ай маған алға қарай талпынысқа, өз-өзімді әрі қарай дамытуға ынталандырды. Тағылымдама маған кәсіби тұрғыдан өсуге, профессор Слава Роткин және де оның аспиранттары Майк, Алан, Бен және Массума сияқты өте жақсы адамдармен танысуға мүмкіндік берді. Lehigh University.
21.10.17, Жетістік тарихы
Көру саны: 240