YDL СТУДЕНТТЕРІН МАМЫРДА БІЛЕМІЗ
31 наурызда Yessenov Data Lab (YDL) жазғы мектебіне өтінімдер қабылдау кезеңі аяқталады. Ол осымен екінші рет Алматы қаласында өткелі отыр. Аталмыш мектепті Шахмардан Еенов атын. ғылыми білім беру қоры AlmaU университетімен және оның Қуаныш Абешев пен Тимур Бакибаев сынды профессорларымен бірлесе ұйымдастырды. Қордың гранттық байқауынан өткен 25 жеңімпаз жазғы мектеп студенттері атанады. Олардың аты-жөнін біз мамыр айында білетін боламыз.
YDL 2019-дың былтырғы жылғы мектептен айырмашылығы неде? — деген сұрағымызбен қордың бағдарламалар менеджері Роумиса Башаеваға жүгіндік.
— Мектеп форматы өзгеріссіз қалады: бұл қатысушылары ашық байқаулық іріктеу жолымен өтетін, деректерді сараптау бойынша 8 апталық интенсив. Өткен жылғы тәжірибе сәтты шықты, сондықтан да, үлкен өзгерістер енгізбейміз, тек шағын толықтырулар болады. Мысалы, осы жылы үміткерлердің жайлылығы үшін тестілеу үдерісі онлайн өтетін болады. Сондай-ақ, оқыту бағдарламасына толықтырулар енгізіп, қатысушылар санын 25-ке көбейттік.
Қатысушылар санын неліктен ұлғайтуды шештіңіздер?
— Біз әрқашанда деректерді талдаушылар дағдыларының өткір қажеттілігін түсінетінбіз. Қазақстандық компаниялар осы саладағы кәсіби мамандарға тапшы. Өткен жылғы тәжірибелер бізге тек сұраныс қана емес сондай-ақ ұсыныстардың да бар екенін көрсетті. Оның үстіне, елімізде мектепке қатысуға қажетті дағдылары бар жастардың бар екеніне көзіміз жетті. Сондықтан да, қордың негізін қалаушы Ғалымжан Есенов гранттар санының артуын қолдады.
Бір жыл ішінде деректерді талдаушылар жазғы мектебінің түлектері неге қол жеткізді, қазір олар қайда?
—Біз көбімен байланыстамыз, негізінде WatsApр желісіндегі чатымыз әлі күнге дейін бар, және де барлығының риза екінін, бірі магистратурага түскенін, ал бірінің мамандығы бойынша шетелге кеткенін білеміз, және де барлығыда осы салада жұмыс жасауда, — деп Румисаның сөзін YDL лекторы және менторы, AlmaU инжиниринг мектебінің деканы Қуаныш Абешев (фотосуретте) толықтырып өтті.
Байқау қалай өтетін болады?
— Бұл жылы байқаулық іріктеу үш кезеңде өтетін болады. Алдымен біз үміткерлердің өтінімдерін бағалаймыз, содан кейін олардың алгоритмдер, математика және логика бойынша білімдерін тестілейміз, және де финалдық кезеңде олармен онлайн сұхбат өткізетін боламыз, — деп әңгімемізге YDL лекторы және менторы, AlmaU профессоры Тимур Бакибаев қосылды.
Мектеп дәріскерлері қатарында деректерді сараптау саласындағы: Дмитрий Русанов (EPAM Systems), Дмитрий Котовенко (AGT International), Марина Горлова (Yandex.Money) және т.б. сияқты танымал есімдер болды. Бұл жылы YDL студенттерін кім оқытады?
— Бұл жылы тізімді үлкен деректер бойынша қомақты тәжірибесі бар Валерий Жук (ClearScale) толықтырды. Сонымен қатар, өздерін жақсы көрсете білген ресейлік BigData Team командасымен келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отырмыз, — деп Қуаныш айтып өтті.
Ал біздің студенттерді ресейлік YDL лекторы қалай бағалап отыр?
— Өткен жылы мені студенттердің қаншалықты ынталы екендері таңқалдырды. Деңгейлерінің әр түрлілігіне қарамастан, өздерінің белсенділіліктерінің арқасында әр қайсысы, нәтижесінде, өздеріне қажетті білімдер мен дағдыларды алды. Бұл жылы біз әрі қарай жылжимыз: бағдарламаны ұлғайтамыз, сондықтан да, жаңа қатысушыларға жемісті екі айға дайындала берулеріне кеңес беремін, — деп хабарлады TRA Robotics жетекші әзірлеушісі Михаил Липкович (фотосуретте).
Өткен жылы қор YDL байқауына 118 өтінім қабылдаған болатын, бұл жылы шамамен 200 өтінім күтілуде. 29 мамыр күні байқау өз жеңімпаздарын жариялайды, ал 10 маусым күні Yessenov Data Lab сарапшыларға арналған екінші жазғы мектебінің алғашқы сабағы өтеді. Сырттан келге жеңімпаздарға Ш.Есенов атын. қор жол жүру, тұру және тамақтану шығындарын өтейтін болады (алматылықтарды қоса).
20.03.19, Жаңалықтар
Көру саны: 190