«ЕСЕНОВ ШӘКІРТАҚЫСЫ»: ҚАҢТАРДА БАСТАЛАДЫ
25-ші қаңтарда Ш.Есенов атын. ғылыми білім беру қорының шәкіртақы бағдарламасының байқауы басталады. Бұл осы ұйымның ұзақ уақыттан бері өткізіп отырған алғашқы байқауы. Есеновтің 27 000 теңгені құрайтын ай сайынғы шәкіртақысы Қазақстанның 17 үздік студентіне берілетін болады. Қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева алдағы байқауға байланысты сұрақтарымызға жауап берді.
Осы уақытқа дейін қанша студент Есенов шәкіртақысының иегері атанды?
Аталмыш байқау өткізілген жеті жыл ішінде (2013-2020 жж.) 100 жас қазақстандық шәкіртақы иегері атанды. Ал, Сәтбаев Университетінің студенті, Анар Сейітова екі жыл қатарынан шәкіртақыға ие болды.
Биылғы байқауға қандай мамандықтардың студенттері қатыса алады?
Ғалымжан Есенов пен Айжан Есім қорды құрғанға дейін аталмыш шәкіртақы тек Satbayev University студентріне беріліп келген болатын, ал 2015 жылдан бастап республикалық дәрежеге ие болды. Шәкіртақыға жаратылыстану, техникалық, медициналық және ақпараттық технологиялар мамандықтарында білім алып жатқан қазақстандық университеттің кез-келген студенті үміткер бола алады. Байқауға бакалавриаттың 2-3 курсының, магистратураның немесе интернатураның 1 курсының студенттері өтініш бере алады.
Байқауға қатысуға өтінім қалай берілетін болады?
Өткен жылдағыдай, өтініш пен құжаттарды онлайн режимінде беруге болады. Өтініш нысаны әзірленіп, 25-ші қаңтарда қор сайтында жарияланады – yessenovfoundation.org.
Шәкіртақы байқауы қандай кезеңдерден тұратын болады және қай күндері өтеді?
Бірінші кезең өтінімдер қабылдаудың соңғы мерзімінен кейін, яғни 27-ші ақпанда бірден басталады. 9-шы наурызға дейін барлық келіп түскен өтінімдерді қор қызметкерлерінің және де шақырылған сарапшылардың көмегімен мұқият зерделеп, бағалаймыз. Оқу үлгерімі, үміткердің ғылыми әлеуеті, мамандықтағы және студенттік өмірдегі белсенділігі маңызды критерийлер болмақ, еріктілік тәжірибесін де ескереміз. Екінші айналымға 30-дан көп емес байқау қатысушлары өтеді. Бұл кезеңде әр студенттің: көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттері, топта жұмыс істей білу, пайымдау, жаңа ақпаратты тез талдау, қарым-қатынас орната білу сияқты жеке дағдыларын бағалайтын боламыз. Сонымен қатар, шет тілдерді меңгеру білімдерін де ескереміз.
Екінші кезең онлайн режимінде өтеді ме?
Пандемияға байланысты екінші кезеңдегі сұхбаттарды онлайн режимінде өткізуге шешім қабылдадық. Бұл Есенов шәкіртақысына үміткердің қор қызметкерімен жеке сұхбаты болмақ.
Өткен жылы пандемияға және жеңімпаздарды шетелге жібере алмауына байланысты әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдама және АҚШ IT стартаптарындағы тағылымдама сынды қордың екі маңызды байқауы өтпеді. Аталмыш байқауларды осы жылы не күтіп тұр?
Сарапшылармен кеңесе келе әзірге екі шешімге нұсқаға келдік: не бағдарламаны жабу, не уақыт талабы мен мүмкіндіктерге сәйкес жаңа форматтағы жобаға ауыстыру. Біз үшін Кремний алқабындағы стартаптардың мәдениетін экспорттау өте маңызды болды, алайда ол жерде болмай, мұны іске асыру мүмкін емес. Іскери ортаға толық енуге қол жеткізу, кәсіпқойлармен байланыс орнату және кездесулер өткізу, конференцияларға тікелей қатысу, ірі компаниялардың штаб-пәтеріне бару және т.б. Міне осылардың бәріне пандемияға байланысты қол жеткізу қазір мүмкін емес. Әлемнің ғылыми зертханаларында тағылымдамадан өту байқауын өткізу де эпидемиологиялық жағдайға, шекаралардың ашылуына және қалаған елдерге виза алу мүмкіндігіне байланысты болып тұр.
2021 жылдың бірінші жарты жылдығында Есенов қоры тағы қандай байқаулар өткізуді жоспарлап отыр?
Бірінші жарты жылдықта тек шәкіртақы бағдарламасының байқауын өткіземіз.
2020 жылғы ғылыми тағылымдама мен АҚШ-тың ІТ-стартаптарындағы тағылымдама бағдарламасының 19 жеңімпазын жіберу жұмыстары қашан және қалай басталады?
Жеңімпаздарға зертханаларды іздеу жұмыстарын 2021 жылдың қаңтарынан бастаймыз. Жаздың өзінде көптеген елдердің шекаралары қазақстандықтар үшін жабық болады, ал университеттер мен зертханалар оффлайн режимде толықтай жұмыс істемейді деген де қорқыныш бар. Сондықтан да, тағылымдамаларға балама бола алатын түрлі нұсқаларды қарастырудамыз. Зертханаларда ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысатын әлемнің барлық ұйымдары да қазір осы бағытта келе жатыр.
Өзінің сегіз жыл қызметі кезінде Ш.Есенов ұйымы 38 бағдарлама/жоба өткізді, оның сегізі тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Осы уақыт ішінде мың жарымға жуық жас қазақстандықтар қордың тікелей бенефициарларына айналды. Биылдың өзінде олардың қатарында 25 Есенов шәкіртақысының иегерлері, Yessenov Data Lab жас ғалымдарға арналған жазғы мектебінің 20 оқушысы, төрт магистрант және 160 қарағандылық студенттер мен оқытушылар, ағылшын тілі бағдарламасының қатысушылары, бар.
28.12.20, Жаңалықтар
Көру саны: 192