ОКСФОРД ИММУНОЛОГЫ АТАНУ
Nazarbayev University түлегі Бану Оспанова Оксфордтың магистратурасында білім алуға шақыру қағазын алды. Осы жылы ол аталмыш қазақстандық университетінің биология факультетінің ғылым және технологиялар мектебін сәтті бітірді.
Осыдан бір жыл бұрын Бану Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының грант иеленушісі атанып, Karolinska Institutet (Швеция) инфекционды медецина орталығы зертханасында тағылымдамадан өткен болатын. Бұл оқу орны Европадағы ең ірі және үздік оқу орындарының бірі болып табылады. Осы жылдың наурыз айында Бану Nuffield Department of Surgical Sciences Оксфорд университетінен интеграцияланған иммунология мамандығы бойынша магистратурада білім алуға шақырту алды.
Қордың атқарушы директоры Ирина Грищенко: «Nazarbayev University студенттік істер және халықаралық қатынастар бойынша вице-президенті Даирова ханым Бану Оспанованың Англиядағы оқуының демеушісі болуымызды ұсынды. Біз бейкоммерциялық ұйымбыз; шешім қабылдау үшін студентке қатысты ақпараттың егжей-тегжейін үйрендік. Бану – ең үздік студенттердің бірі, жақын арада университет түлегі де атанды, оның Nazarbayev University-дегі профессорынан өте жақсы мінездеме берді. 2015-ші жылғы тағылымдаманың қорытындысы бойынша оның жұмысы 2016-шы жылдың соңында ғылыми журналда жарық көретін болады. Магистратурада білім алу ол үшін болашақта түсуді жоспарлап отырған бакалавриат пен медициналық мектеп арасындаығы өтпелі кезең», – деп түсіндірді.
Оқу барысында қазақстандық студент тек қана медицинамен айналысып қоймай, сонымен қатар иммунология саласында зерттеумен және де клиникалық зерттеулермен айналыса алады. «Оксфордтағы бірінші семестрдің соңында маған таңдауға ғылыми жобалардың тізімін беретін болады. Жұмыс жасауға жоба таңдап, ары қарай өз ғылыми жетекшілеріммен танысып, зертханада жұмыс істеуді бастаймын. Бірақ, қазірдің өзінде Қазақстанда жүріп, мен алдын-ала бұрын әзірленген ғылыми тақырыптармен танысудамын. Мені иммундық механизмнің ерекшеліктерін (басқаша айтқанда –иммундық реакциялардың немесе қабылдамау болмауы) эмбриональды бағаналы жасушаларында зерттеу қатты қызықтырып отыр. Бұл тақырыпты неғұрлым жан-жағынан зерттеп білсек, соғұрлым трансплантология және регенеративті медицина саласында айтарлықтай ілгері жылжитын боламыз. Алдағы оқу жылында медициналық клиникада жұмыс жасап, пациенттермен қарым-қатынас жасай білу дағдыларымды дамытуды жоспарлап отырмын», – деп Бану Оспанова бізбен бөлісті.
Бану оқу аяқталғаннан кейін ғылыми жұмыс жариялауды жоспралап отыр. Оксфорд университеті жас ғалымға тұру және тамақтану шығындарына жеткілікті шағын шәкіртақы бөлді. Осылайша, біздің грант иеленуші қыркүйек айында Англиядағы оқуын бастайды. Оқу 2017-ші жылдың күзінде аяқталады.
1.08.16, Жаңалықтар
Көру саны: 152