ШЭНЬЧЖЭНЬГЕ!

Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының Операциондық директоры Ирина Грищенко және қордың бағдарламалар координаторы Мақсат Курманбаев ҚХР-на барып қайтты. Қор шығыстағы көршімен қарым-қатынасты дамытуға ниеттеніп отыр.

«Қытайдың инновациондық өндіріс орындарындағы тағылымдама» бағдарламасы үш жеңімпазының  Аспан асты елімен кездесуге соңғы кезеңнің дайындығы басталды. Естеріңізге саламыз, бір ай бұрын Қытай еліне  Дінсултан Абсаттар (Қызылорда SDU , студенті), Олжас Адиятов (Қостанай, Nazarbayev University түлегі) және де  Азамат Тикенов (Қаскелен, SDU оқытушысы) баратындығы жарияланған болатын. Алайда, байқау жеңімпазы атанған Арман Жармағамбетов жеке жоспаларындағы өзгерістерге байланысты тағылымдамадан өтуден бас тартты, сондықтан да  байқау жеңімпаздары тізіміне Азамат қосылды. Қытай  елшілігінде қазақстандықтарға арнап виза әзірленіп жатқанда, қор қызметкерлері Қытайдың Харбин және Шэньчжэнь қалаларына барып қайтты.

Шэньчжэнь қаласында байқау жеңімпаздары жақын арадағы бір жарым айларын өткізетін Makeblock стартапының штаб-пәтері орналасқан. Біздің әріптестер компанияның негізін қалаушы және СЕО Джейсен  Вангпен кездесті.   Джейсен  Ванг компанияның IT с аласындағы қазақстандық мамандарды қабылдауға дайын екенін айтты, сонымен қатар қормен  алдағы серіктестік жайлы біраз ойларымен бөлісті. Ванг мырза және Makeblock компаниясы Қазақстан нарығына шығуға қызығушылық танытуда, және де біздің елімізде балаларға арналған робототехника бойынша білім беру орталығын ашу мүмкіндігін қарастырып отыр. Сапар барысында қытайлық стартаперлер қор қызметкерлеріне өздерінің 3D принтерлерін, лазерлік нақыштаушыны және компанияның  түйін арқылы құрастырылған басқада жабдықтарын көрсетті.

Makeblock қазақстандық тағылымдамашыларға жетекшілік жасайтын қызметкерді  анықтады. Ол біздің жеңімпаздарға тұрғылықты жер іздестіруге, қалаға бейімделуге, сонымен қатар басқа да тұрмыстық жағдайларды шешуге көмектеседі.  Тағылымдамашылар жұмысқа жаңадан қабылданған Makeblock-тың  басқада қызметкерлерімен бірге таныстыру тренингтерін өтеді. Білім деңгейлері  және де  қабілеттері анықталғаннан кейін бір жарым айға созылатын тағылымдамаға қазақстандық жастардың алдына тапсырмалар қойылады. Тағылымдама аяқталғаннан кейін қор қызметкерлері оның нәтижесіне талдау жасап, «Қытайдың инновациондық өндіріс орындарындағы тағылымдама» бағдарламасының алдағы дамуына байланысты шешім қабылдайды.

И.Грищенко және М.Курманбаев сонымен қатар Харбин политехникалық университетінде және HRG (Hit Robot Group) өндіріс орнында болып қайтты. Харбин университеті тек қана қазақстандық (ҚазҰУ, ҚарМТУ) және ресейлік жетекші университетермен ғана емес, сондай-ақ Стенфорд университетімен тығыз жұмыс істейді.  Қытайлық оқу орнының мамандары өз мемлекетінің космостық бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуда. «Біздің алдағы уақыттағы мақсатымыз – бұл бағдарлама жеңімпаздары – қазақстандық студенттерімізге теорияны Харбин университетінің қабырғаларында меңгеріп, ал практикалық тәжірибені HRG компаниясында өту мүмкіндігін жасау», — деп Ирина Грищенко өз ойымен бөлісті. Университеттің халықаралық студенттер орталығы басшысының орынбасары Лю Вэй мырзамен кездесуде осындай келісімге қол жеткізілді.   Кездесу барысында Лю Вэй: «Біз студенттерді қабылдауда профессормен өтетін тағылымдаманы және де HRG компаниясындағы машықтануды өзіне біріктіретін бір жарым айлық бағдарламаны дайындауға дайынбыз. Келесі жылы осындай бағдарламаны жүзеге асыру әбден мүмкін»-деді.

HRG — робот өндірісемен қатар, медецина саласындағы роботтандырылған инновациондық  шешімдермен айналысатын робототехникалық компания. Сонымен қатар HRG тек қана роботтар қызмет көрсететін мейрамханалар желісін иеленеді. Қазақстандық ғылыми-білім беру қорының өкілдері HRG вице-президенті Ли Цзэнцянмен және Бай Сянлинмен кездесті.  Ортақ білім беретін жобаларды жүзеге асыру шешімдері қабылданды.

9.06.16, Жаңалықтар

Көру саны: 147

Другие новости