ТАЛДАУШЫЛАР МЕКТЕБІ АЛҒАШҚЫ СТУДЕНТТЕРІН ДАЯРЛАДЫ

Алматыда Yessenov Data Lab алғашқы түлектеріне сертификаттарды табыстау болып өтті. 21 жас маман «деректер талдаушысы» біліктілігін алды.

— Бұл кәсіп сирек кездеседі, бірақ танымал ғана емес, ол сондай-ақ Қазақстанда да сұранысқа ие. 8 апталық оқу ішінде жұмыс істейтін мамандар ақпаратты жинауды, деректерді өңдеу мен визуалдауды, бейнелерді танып айыруды және нейрондық желілермен жұмыс істеуді ұйренді, — деп айтты академик Ш.Есенов атындағы қордың жобалар үйлестірушісі Ильзира Алдагарова.

Мектеп оқытушыларының деңгейі аса жоғары болды. Қазақстандықтармен өз білімдерімен бөліскендердің арасында деректер аналитикасында үлкен тәжірибесі бар EPAM Systems, AGT International және «Яндекс.Деньги» сияқты компанияларының сарапшылары болды. Студенттерге арналған кіріспе аптасын ғылымдар профессорлары мен докторлары Қуаныш Абешев пен Тимур Бакибаев жүргізді. Көктемде өткізілген жалпы ұлттық конкурстың жеңімпаздары мектептің қатысушылары болды, мектепте тегін оқу құқығына 118 адам үміттенді. Студенттер арасында Қазақстанның сегіз қаласының өкілі болды, мектептің жеті оқушысы қыздар.

– Мен мектептің осындай нәтижелі болатынын тіпті күткен де емеспін. Әрбір оқытушының өз фишкалары болды. Жалпы алған әсерім, мен тәжірибелік дағдыларда ілгері жылжыдым, егжей-тегжейлерді ұғындым, оларды бірнеше шынайы міндеттерді шешу кезінде сынап көрдім. Және де қазір мен аналитикамен байланысты меншікті бизнесті бастаймын ба деп ойлап жүрмін, – деп Петропавлдан келген Yessenov Data Lab мектебінің қатысушысы Мария Липчанская өз әсерлерімен бөлісті.

Өткен екі айдың ең құнды сәттері деп не нәрсені санайтыны жөнінде мектептің дәріскері, деректер талдаушысы Дмитрий Русанов (EPAM Systems, Ресей) айтып берді:

— Бізге мектепке әртүрлі компаниялардың өкілдері келіп, шешімдерге арналған өздерінің кейстерін ұсынды, және де олар менің студенттерге берген сол бір міндеттерге қатты ұқсас болып шықты. Әрине, көбісіне математикалық даярлықтың деңгейін жақсартқан жөн. Алайда олар дәл не нәрсемен жұмыс істеу керектігін түсінді. Сондай-ақ ең бастысы, достар мыналарға көз жеткізді: оларды жұмысқа алатын компанияларды өз шешімдерімен қызықтырып, олар білген нәрсені тәжірибеде қолдана алады.

Қолда бар ақпарат бойынша, Yessenov Data Lab барлық түлектері бизнес өкілдерін қызықтырды, кейбіреулері жұмыс жөнінде ұсыныс та алды, қалғандарымен әлеуетті жеткізушілер келіссөздер жүргізіп жатыр.

— Біз жастарды үйреткен дағдыларды қолдану аялары күннен күнге көбейіп жатыр. Мысалға, автономды жүргізу. Біз жуырда барлығымызды компьютерлер алмастырады және де бізге істейтін жұмыс қалмайды деп айтамыз. Бірақ бәрі де керісінше болып шығады: біз барлық механикалық жұмысты алмастырамыз, ал адамдарға ең қызықты әрі ең күрделі міндеттер қалады, – деп санайды компьютерлік көру қабілеті жөніндегі маман Дмитрий Котовенко (AGT International, Германия).

Қор құрылтайшысы Ғалымжан Есенов хабарлағандай, биылғы жылы мектептің сәтті өткізуіне және біздің елімізде деректер талдаушысы мамандығына сұраныстың өсуіне байланысты, Есенов атындағы қор 2019 жылдың жаз мезгілінде дәл осындай мектепті ұйымдастыруға шешім қабылдады. Yessenov Data Lab 2018 академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры мен Almaty Management University (AlmaU) бірлесуімен және де Kaspi Bank қатысуымен ұйымдастырылды.

6.08.18, Жаңалықтар

Көру саны: 171

Другие новости