Салтанат Төлеген

Мамандығыы: Автоматтандыру және басқару. Есенов стипендиясының иегері.

23 жасар Қарағандылық қыз бала кезінен теледидар пультін және аса маңызды техниканы талдағанды жақсы көретін. Кейінірек оның өмірінде микросхемалар мен платалар пайда болды. Бірақ, бұл жағдайлардың барлығы дерлік кәсіби робототехникамен айналысу үшін аз тәжірибе, алайда… Сондай-ақ, Есенов шәкіртақысының қайырымдылықпен айналысуға көмектескені алғашқы жағдай.

Бұл мамандықты неге және қалай таңдадыңыз?
Мен өсе келе паяльникті қолдануды үйрендім. Ал ғылыми-фантастикалық фильмдердегі жапон роботтарымен танысқан кезде, маған роботты жасап көру өте қызық болып көрінді. Бірте-бірте мен робот техникасын меңгере бастадым. Ал жоғары сыныптарда, мамандық таңдаған кезде, ҚарМТУ – да “Автоматтандыру және басқару” мамандығы бар екенін білдім. Ол жерде бағдарламалауға және дәнекерлеуге микросхемалар және бағдарламалауға өнеркәсіптік контроллерлер, ал ең бастысы – “Мехатроника және робототехника” траекториясы бар.

Неге Есенов стипендиясына тапсыруға шешім қабылдадыңыз?
Мен шәкіртақы туралы ақпаратты желіден көрдім. Ол ақпарат мені қызықтырып, жеңімпаздарды қандай критерий бойынша таңдайтындарын білуді шештім. Қор туралы бұған дейін ештеңе білмегенмін. Ал, критерийлермен таныса келе, “кем дегенде, жаңа тәжірибе аламын”деген ой болды.

Конкурс сіз үшін қалай өтті?
Алдымен мен жүгіріп, құжаттар топтамасын жинадым. “Өзіңізді үшінші кезеңге шақыруға лайықты екеніңізге біздің көзімізді жеткізіңіз…” тақырыбында эссе жаздым. Кейін Қор сайтында екінші кезеңге өткендердің тізімінде өзімді көрдім. Келесі кезеңде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сұрақтар болды. Ол кезеңнен өтіп, мен финалға шықтым. Менің барлық шығындарымды өтеп Алматыға шақырды. Тренинг, бизнес-ойындарына қатыстым. Бізбен психологтар жұмыс жасады, командалық ойындар өткізді, логикалық сұрақтар қойды. Біздің күшті және әлсіз жақтарымызды, көшбасшылық, командада жұмыс істей білуімізді және т.б. қасиеттерімізді анықтады.

Ал сізге Есенов қорының шәкіртақысы қаржылық жағынан көмектесті ме?
Иә, көмектесті. Сол кезде мен ҚарМТУ жанындағы “Ақниет” жастар қайырымдылық ұйымының еріктілері қатарында болдым. Біз балалар мен қарттар үйлерінде жиі жәрмеңкелер, концерттер, өткіздік. Әрине, бәрі қор есебінен. Қордың шәкіртақысы осындай көптеген іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесті. Мен ғылыми қызметпен айналысқандықтан, мақала мен диплом жобасын жаздым, ал шәкіртақы иегері атағы бұл мақалаларды халықаралық ғылыми журналдарда жариялауға көмектесті.

Қазір немен айналысасыз және алдағы жылы не істеуді жоспарлайсыз?
Магистратураның екінші курсын аяқтаймын. Бітіргеннен кейін педагог болғым келеді. Қосымша IELTS тапсыруға, докторантураға түсуге дайындалғым келеді. Жапон тілінде “икигай” сөзі бар, ол сөзбе-сөз “өмірдің мәні” деп аударылады және күнделікті істерде қанағат, қуаныш пен негізділік табуды білдіреді. Менің ойымша, оқыту, білім беру менің сүйікті ісім. Айтпақшы, қазір Let ‘ s Study білім беру орталығында жұмыс істеймін.

Қызығушылығыңыз туралы айтып өтсеңіз? Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
Кітап оқимын, сериалдар мен фильмдер қараймын. Кітаптарда, фильмдерде шытырман оқиғалы сюжеттерді жақсы көремін. Бағдарламалау және сурет салу-менің ең сүйікті істерім.

29.05.19, Жетістік тарихы

Көру саны: 253