Сәкен Сыдықов

Мамандығы: ақпараттық жүйелер. Оқу: Make School, АҚШ.

Сәкен Қызылорда қаласынан, ол 24 жаста, және 2017 жылдың қысыныда Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры Арман Сүлейменовтың ZeroII One Labs  бірігіп өткізген nFactorial Challenge конкурсында жеңімпаз атанды. Сәкен ие болған марапат – әлемдегі әзірлеушілер үшін үздік мектептердің бірі – Сан-Францискода орналасқан Make School оқу орнында 8 апталық оқудан өту мүмкіндігі болды. Бірақ бұған дейін оның өмірінде – республикалық физика-математикалық мектеп және  өзінің алғашқы қосымшасын ойлап тапқан, Қазақритан техникалық университетіндегі оқу мен жұмыс болды.

Сіз конкурсты қалай ұтып алдыңыз?
Конкурс екі кезеңнен тұрды және үш қалада: Астана, Алматы және Қарағандыда өтті. 2 минут уақыт ішінде бізге жоба (проблема-шешім-нарық-қаржыландыру) ұсыну және өзің туралы бір-екі сөз айту керек болды. Менің жобам “Four” ойыны болды. Қорытынды бойынша қазылар алқасы Алматы қаласынан мені жеңімпаз деп таңдады.

Сізді АҚШ-та қалай және неге үйретті?
Мектепте үш бағыт болды: ойындар, қосымшалар мен VR (виртуалдық шынайылық). Мен мобильді ойындар секциясын таңдадым. Оқыту олардың платформасында онлайн түрінде өтті, және де сұрақтар туындаған жағдайда біз әрдайым нұсқаушыны шақыру түймесін баса алдық. Күн сайын FlappyBird, AngryBirds, Timberman сияқты және т.б. танымал ойындарда клондадық. Оқыту оңай өтті, тапсырмалар артып отыратын күрделілік деңгейі бойынша құрылған. Бас кезінде біз ең қарапайым ойындарды жасадық, ал соңында жасанды интеллектті пайдалана отырып, күрделі ойындарды құрастырдық. Оқытудағы тағы бір қызық элементің бірі күнделікті өтетін “StandUp’s”. Әр таң сайын біз шеңберге тұратынбыз, нұсқаушы үш қарапайым сұрақ қояды: кеше не істендіңдер, бүгінге не жоспарлайсыздар және әр кез өзгеріп отыратын үшінші сұрақта ол кез келген нәрсе туралы сұрай алатын.  Онлайн платформадан оқудан басқа, бізде ашық дәрістер мен шаралар өтетін. Дәрістер жалықтырмайтын, олардың барлығынан тәжірибелік білім алып шығасың. Мысалы, бізге кеңселік заттарды таратып беріп, ойын ойлап табуды тапсырады. Оқытушының оқушыға деген көзқарасын жеке атап кету керек: олар әрдайым сұрақты мұқият тыңдап, оған барынша толық жауап қайтарады. Біз мобильді қосымшалар, ойындар мен виртуалдық болмыс негізінде қосымшалар әзірледік. Менің таңдауым ойындарды әзірлеуге түсті.

Сіз ол жақта нені үйреніп шықтыңыз?
Бізді тек бағдарламалауға ғана емес, командада жұмыс істеуге де үйретті. Бір күні бізден ноутбуктарды жауып қоюымызды өтінді, және барлығымызды топтарға бөлді. Әр топтың міндеті – көрші бөлмеде не тұрғанын көшіру болды. Ол бөлмеге команданың бір ғана мүшесі кіре алды, және оның сипататуына негізделе отырып біз оның көрген заттарды қалпына келтіруіміз тиіс едік. Мен оқытудың қаншалықты қызық әрі көңілді бола алатындығына таңдандым. Мектептен кейін мен бірден қауырт бағдарламалай бастаған жоқпын, бірақ жобаны жасауда керемет «кодтау» ғана емес, өз ісіңді жақсы көру қаншалықты маңызды болатындығын түсіндім. Мен сол жерде меңгерген бір машықты аса құнды деп есептеймін. Бізді интернетте сұрауларды дұрыс тұжырымдауды үйретті. Нұсқаушыға сұрақ қоюдан бұрын алдымен желіден сұрау, ал содан кейін жауап табылмаса, оқытушыдан сұрау керек. Осылайша мен өз дербестігімді бекітіп, дұрыс сұрақ қоя білуді үйрендім.

Оқу қорытындылары бойынша нені Сіздің жетістігіңіз деп санауға болады?
Мен iPhone үшін ойындар жасауды және оны AppStore-да іске қосуды үйрендім. Оқу аяқталғаннан кейін мен iOS-қа арналған “Round the World” өз мобильдік ойынымды толық жасақтап, іске қостым. Қытайдан 2000 аса жүктемелер жинадым. Мен шетелдік нарық үшін жергілікті жағдайларға бейімдеп, ойындарды қалай әзірлеуге болатынын түсіндім; тек компьютер мен интернет қана қажет. Оқудан келгеннен кейін “Fade In” командасын жинадым, мұнда біз іске қосылып үлгерген Animja ойынымен жұмыс істеп жатырмыз. Өзіміздің ойындарды әзірлеумен қатар, біз, сондай-ақ, GameDev Academy мектебінде ойын әзірлеуді жаңадан бастап жүрген жастарды оқытамыз. Жастар өздерінің керемет идеяларын іске асыра алатын мектеп жайлы бұрыннан армандап едім. Ең бастысы – мүмкіндіктер тұғызу.  

17.04.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 526