Руслан Хамедов

Nazarbayev University  механикалық инженерия факультетінің студенті Руслан академик Ш.Есенов атындағы қордың тағылымдамадан өту байқауын жеңіп алып, Торонто университетінің ATOMS зертханасынан шақырту алды. Осылайша Оңтүстік Қазақстан облысының болашақ инженері тәжірибе жинау үшін Канадаға аттанды.

Инженерияға деген қызығушылық қайдан пайда болды?

Мектеп қабырғасының өзінде маған физика мен математикадан есептер шығарған ұнайтын. Кішкентай кезімнен кейбір табиғи құбылыстар менің көңілімді аударатын, тек мектеп қабырғасында ғана олардың бәрін де шектеулі ғана физика заңдарымен түсіндіруге болатынын түсіндім. Мысалы, неліктен ұшақтар ұшады. Физика пәнінің мұғалімі аэродинамиканың қалай жұмыс істейтінін түсіндіргенде таң қалғаным әлі де есімде. Алғашқы рет мен бәрініңде, біз ойлағандай оңай емес екенін біліп, көп нәрсені түсіне бастадым. Менің техникаға, инженерияға деген қызығушылығым осылайша басталды. Еуразия ұлттық университетінде бір жылдай «Ғылыми математика» мамандығы бойынша білім алғаннан кейін, мені аяқ астынан аэрокосмикалық инженерия, нақтырақ айтқанда аэродинамика қызықтыра бастады.

Тағылымдамадан өту байқауы Сіз үшін қаншалықты қиын болды? Неліктен?

Мен бұл байқауға бәсекелестіктің жоғары болатынын білдім, ал менің қарсыластарым —  жоғары GPA және ғылыми тәжірибелері бар еліміздің ең үздік студенттері болды.  Мен тіпті, бірінші кезеңнен өтуге мүмкіндігім жоқ деп те ойладым.  Алайда мен үшін зерттеуде  тәжірибемнің болуы үлкен көмек болды, мен өттім. Екінші кезең одан да ауыр болды —   үздіктердің арасында ерекшеленіп, көзге түсу қиынға түсті. Алайда, байқаудың қиындықтары жеңістен кейінде жалғасын тапты. Өзімнің зерттеу тақырыбыма лайықты профессорды табу үшін күніне 10 хат жазып, жауап күтуге тура келді.

Канадада немен айналысытыңыз? 

Менің тағылымдамамның тақырыбы есептеуіш гидродинамиканы пайдалана отырып жел фермаларын оңтайландыру болды. Есептеуіш гидродинамика (Computational fluid dynamics, CFD) – механикалық инженериядағы ең белсенді дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Компьютердің көмегімен мен сұйықтықтардың ағымы әртүрлі  құрылымдарға қалай әсер ететінін талдадым. Біздің түпкі мақсатымыз, адамдар электроэнергияны өндіруге арналған тиімділігі жоғары жел парктерін жобалауды бастау болды.  Және де біз тек қана компьютер арқылы ғана жұмыс істемедік, сонымен қатар біздің лаборатория осы жоба аясында National Renewable Energy Laboratory сияқты энергетика инфрақұрылым секторындағы әлемдік көшбасшымен бірлесіп қызмет жасады.

Неге қол жеткіздіңіз?

Біріншіден, мен өз саламда білікті маманға айналдым. Жел трубиналарын оңтайландыру жайлы көптеген әдебиеттерді оқыдым. MATLAB қолданбалы бағдарламалар пакетінде жұмыс жасауды үйрендім, тіпті жел электр станцияларын оңтайландыру үшін бағдарлама кодтарын жаздым, 3D-модельдеумен айналыстым. Жұмысымның мақсаты орындалды: тағылымдама нәтижесі бойынша біз алдын-ала нәтижелерін таптық және де зертханаға энергия өндіруге жел трубиналарының оңтайлы орналасатын жерлерін және дыбыстарды азайту жолдарын ұсындық.

Әрі қарай қандай жоспарлар бар, Руслан?

Мен осы жоба бойынша Астанда жұмыс жасауды жоспарлап отырмын. Ғылыми жетекшім менің қашықтықта жұмыс жасайтыныма келісті, бірақ біздің унверситетте ANSYS бағдарламасының ресми лицензиялары жоқ(тек студенттік), алайда, қуатты компьютерде жеткілікті.Біз басқада әдістерді қолдану әдістемесін пайдалануды және жұмыстарымызды ғылыми журналда жариялауды жоспарлап отырмыз. Мен жел турбналарын бағдарламалауда және модельдеуде тәжірибе жинағандықтан, алдағы уақытта Гермния, Канада және АҚШ, 4 курста болғандықтан әлі шешім қабылдамадым,  жоо біріне Computation for Design and Optimization бағдарламсы байынша докторантураға немесе магистратураға түсудіжоспарлап отырмын.  Және де Канададағы тағылымдама менің оқуға түсу мүмкіндіктерімді сөзсіз арттырады деп ойлаймын.

28.11.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 161