Равиль Мусабаев

 Мамандығы: математикалық және компьютерлік модельдеу. Тағылымдама: University of Washington, АҚШ.

20 жастағы ҚБТУ түлегі, Равиль академик Ш. Есенов атындағы қордың ғылыми тағылымдамалары бағдарламаларының конкурсын жеңіп алып, 2017 жылдың жаз айларын Сиэтлдегі Вашингтон университетінің математика факультетінде өткізді.

Сіз математика кәсібін неге таңдадыңыз? Баяғыдан бері барлығы ашылды деген ғылымда тағы нені ашуға болады?
Маған мұқият ойлау мен шекті зейінділікті талап ететін барлық нәрсемен айналысу бала кезімнен ұнады. Математика қандай да болсын мағынасы жоқ шөп-шарсыз таза адами ойлар болып саналады. Мен математикалық идеяларды ойластырған кезде, маңызды емес нәрсені елемей, өз уақытымды мәні бар нәрселерге кетіретінімді сезінемін. Математикадағы жақсы идеялардың табысқа жеткізетін салдары бар. Ал ғылымда барлығы ашылған деген пікір қате болады. Математика – көптеген қызметтердің дәл сондай шығармашылық түрі, сондықтан да онда іс-жүзінде барлығы жасалды деп айту, суретшілерге суреттердің барлығы салынып бітті деп айтқандай мәнсіз болады.

Сіз үшін қордың ғылыми тағылымдамалары бағдарламасының конкурсы қалай өтті?
Біздің құжаттарымыз бен өтініміміз бағаланған соң, мен финалға шықтым. Эсседе мен өз ойларымды жаздым. Финалда мен басқа конкурсанттармен қарым-қатынасудан жағымды әсер алдым. Бүкіл конкурс бойы өз болмысымды көрсетіп, жауап беруде шынайы болуға тырыстым.

Тағылымдамалар кезінде немен айналыстыңыз?
Мен геометриялық кері есептерде профессор Гюнтер Ульманнмен бірге жұмыс істедім. Профессор маған оның жуырдағы жұмыс нәтижелерінің біреуін дәлелдеуді ұсынды. Біз онымен аптасына бір рет кездестік, мен профессорға жұмысымның ілгерілігі туралы айтып, одан түсінбеген жайттарды анықтап алдым. Ол маған пайдалы кітаптар мен ғылыми мақалаларды ұсынды, мен оларды жете ұғынумен бір апта өткіздім. Бұл маған математикадағы көптеген нәрселерді жақсырақ ұғынуға көмектесті. Сонымен қатар мен PhD студенттерімен және профессордың постдокторанттарымен қарым-қатынасудан көптеген пайдалы білім алдым. Егер де мен бір проблемаға тоқталып қалсам, олар, факультеттің басқа профессорлары сияқты, маған оны шешуге көмектесті. Сонымен бірге мен докторантураға түсу үшін қажетті болатын GRE Subject Mathematics сынағына дайындалдым.

Қандай жетістіктерге жеттіңіз?
Мен профессор алған нәтижені математикалық түрде дәлелдей алдым. Жаз бойы мен өзімнің математика бойынша білімдерімді, сөйлеу және академиялық ағылшын тілінің деңгейін жоғарылаттым. Мен Сиэтлдің көптеген көрікті жерлерінде болдым.  Ал факультеттің адамдарымен қарым-қатынас маған математикада менің одан әрі қандай бағытта жүретінімді анықтауға көмектесті. Университетке келген басқа да халықаралық студенттермен бірге, қалалық фестивальдерде уақыт өткіздім, Рейнир тауы – әлемнің сөнбеген жанартаулардың біріне жорыққа барып қайттым. Сол жерде танысқан кейбір PhD студенттерімен мен әлі күнге дейін араласамын. Жалпы айтқанда, бұл менің шетелге шыққан алғашқы сапарым.

Әрі қарай жоспарларыңыз?
Гюнтер маған ұсыныс хат жазды, және мен Вашингтон университетінде математика бойынша PhD-ге түстім. Күзде оқу басталады. Геометрия саласында зерттеулерді жалғастыруды жоспарлаймын.

24.05.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 183