Ратбек Жаппаров

Мамандануы: электротехника және электроника. Тағылымдама: The University of Texas at Austin.

Қызылордалық Ратбек Жаппаров Назарбаев Университетін осы жылы бітіріп шықты.  2015 жылы инженерия факультетінде электротехника және электроника бағытынды екінші курс студенті бола, ол Академик Ш.Есенов атындағы қордың грантын ұтып алған еді.  Осы грантпен ол Остиндегі Техас Университетіне бет алып, Роберт Хиздің басшылығымен жаздық тағылымдамадан өтті.

1. Электротехника мамандығын қалайша, неліктен таңдадыңыз?
Бүгінде сигналдарды өңдеуді оқып жатырмын. Кейде немқұрайлы деп саналатын ақпаратты қолдана отырып, сигналдарды өңдеу көптеген техникалық проблемаларды шеше алады, ал бұл өз барысында адамзаттың өмірін әлдеқайда жеңілдететін болады.  Электротехника және электрониканың бұл саласында әлі де мағыналы жаңашылдар болатыны сөзсіз.

2. Тағылымдамаға арналған конкурста сіз үшін ең қиыны не болды?
Байқау кезінде мен екінші курста болғаным, шынымды айтсам, бәсекелес үшінші, төртінші курс студенттерімен бақталасу оңай түскен емес, мәселен олардың зерттеушілік тәжірибесі мене көбірек болатын. Содан соң, іріктеу кезеңіде психологтың қатысуы да белгілі бір дәрежеде мен үшін жайсыз болған еді.  Іріктеу сатылары қызықты өтіп, дегенмен бұл бірегей бір тәжірибе болды.

3. Американдық тағылымдамаңыздан алған әсеріңіз?
Бейтаныс адамдармен танысып араласу ең қызықтысы деймін-ау. Тобымдағы серіктестерім – иә докторлар (Ph.D), иә постдокторанттар, бакалавр студенті боған жалғыз мен.  Олардың бөліскен өмірлік жолы мен тәжірибесі мен үшін өте қызықты да орынды болды, себебі ол кезде мен академиялық зерттеу мансабы жолының басында ғана тұрған едім.

4. Тағылымдамадан қандай да тәжірибе жинақтап, жеке басыңызға көмегі тиді ме?
Зерттеулер аясында дағдыларға үйреніп, әрі қарай дамығу көмектесті.  Осы тәжірибенің арқасында мен келесі 2016 жылы Сауд Арабиясындағы King Abdullah University of Science and Technology оқу орнындағы тағылымдамаға түстім.  Жалпы, бұл тағылмдамасыз АҚШ-тың докторантура бағдарламасына мен мыңдаған студенттермен осыншама бәсекелесугі қабілетті болмас едім. Осы 2017 жылдың тамыз айында мен Остиндегі Техас Университетіне толық шәкіртақына ала отырып, оқуымды жалғастыруға қайта оралам.

8.11.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 137