Асылхан Ертаев
Мамандығы: фармация. Есенов шәкіртақысы иегері.
Асылхан 25 жаста. Ол – рухы жоғары волонтер. Солтүстік Қазақстан аумағында айдың 13-ші жұлдызында дүниеге келсе де, жолы болғыш жігіт. Нақтырақ айтсақ, Семейдегі медициналық университеттің үшінші курс студенті – бүгінде өз сәттіліктерін өзі басқарады.
Болашақ фармацевт Көкшетаудағы медициналық колледжді бітіріп, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалармен жұмыс жасады. Сол жерде М.П.Смирнова атындағы байқауда Гран-при жеңіп алып, жылдың үздік волонтері атанды. Ол жарты жылдан астам уақыт облыстық аурухананың әртүрлі бөлімшелерінде жұмыс істеді, бірінші курстан бастап ішілік инъекциялар жасауды және ауыр науқастар үшін төсек ауыстыруды үйренді. Біздің жігіттің өз университетінің «Волонтерлер корпусының» төрағасы болғанына сіз таңданбайтын шығарсыз. Өткен жылы ол Қазақстанның үздік студенттерінің бірі болып танылды.
Волонтер жұмысы туралы толығырақ айтып беріңізші.
Мен 7 жылдан астам уақыт волонтер қызметін атқарып келемін, барлығы колледждің алғашқы курстарынан басталды. Нәтижесінде біз өз университетімізде өте күшті еріктілер ұйымын құрдық. Біз 40-тан астам концерт, флеш-моб, семинарлар ұйымдастырып өткіздік. Ерекше қажеттіліктерге мұқтаж балалар мен жетім балаларға арналған көшбасшылық және мотивациялық тренингтер өткіземіз, аз қамтамасыз етілген адамдарға көмектесеміз. Біз интернаттармен, коммерциялық емес ұйымдармен және балалар үйлерімен жұмыс жасаймыз. Бұрын бізде адам саны 15 еді, бүгін де біздің корпуста 300 адам бар.
Бос уақытыңызда жаныңызға жайлы не істегенді ұнатасыз?
Алға жылжуға түрткі болатын кітаптарды оқығанды ұнатамын. Мен қатты қызықтыратын Трамптың жазған кітаптары – «Чемпион сияқты ойла» және басқалары. Мен оларды бірнеше рет оқып шыққанмын. Олар мақсатыңнан таймауға шақырып, өте ынталандырады. Мен араб, ағылшын тілдерін үйреніп жүрмін, саяхаттауды да ұнатамын.
Ш.Есенов қорының шәкіртақы бағдарламасын жеңіп алуға не көмектесті?
Мен жарысты байсалдылықпен қабылдадым. Мүмкін, волонтерлік тәжірибем көмектескен шығар, менің көптеген алғыс хаттарым болды. Ал бәсекелестерім – еліміздің түкпір-түкпірінен келген 330-дан астам мықты жігіттер. Әрқайсысында, менің ойымша, менде болмаған әртүрлі қасиеттер болды. Байқаудың өзі өте қызықты өтті. Алайда, ол жерде атмосфера жайлы, шиеленісті емес болды. Бізбен бірге мықты жаттықтырушылар жұмыс жасады.
Шәкіртақы сізге қалай көмектесті?
Ол маған бірнеше іс-шараларға жолақыны төлеуге көмектесті. Мысалы, мен осы жазда астанаға халықаралық триатлон жарысына – IronMan-ға бардым, онда волонтер болып жұмыс істедім. Бішкекте «Zashyk» халықаралық жастар білім беру лагеріне бардым.
Келесі және одан кейінгі жылдарға қандай жоспарларыңыз бар?
Қазір IELTS тестіне дайындалудамын. Оқуды бітіргеннен кейін мен әлемдегі ең үздіктердің бірі – Джонс Хопкинс университетіне барғым келеді. Егер сіз мақсатыңызға жетуге тырыссаңыз – ол орындалады. Мен өзім университетке үшінші реттен кейін ғана түстім.
6.11.19, Жетістік тарихы
Көру саны: 193