БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ СТУДЕНТТЕР ОЙЛАП ШЫҒАРАДЫ
Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры жаңа байқау жариялайды. Осы ретте оның барлық қатысушыларына қорға жаңа бағдарламаға арналған идеяны ұсыну қажет. Жеңімпаздар – ең үздік үш идеяның авторлары – дәстүрлі түрде марапатталады.
Байқауға 18 жастан асқан кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Қатысу шарттары қарапайым: 2-ші ақпаннан бастап 28-ші ақпанға дейін(дедлайн: 23.59) бағдарламаның паспортын – ұсынылатын нысанды толтыра отырып, өз идеясының сипатын қайырымдылық ұйымның электронды мекенжайына жолдау қажет (info@yessenovfoundation.org). Ұсынылатын идея қордың – Қазақстанның зияткерлік әлеуетін дамыту – миссиясына және ұйымның қызметіне сәйкес келуі тиіс. Қордың бар бағдарламаларымен нақтырақ сайтында танысуға болады.
Қор келесі бағыттарды қазіргі таңда перспективалық даму үшін ең қызықты деп санайды:
• оқушылар арасында ғылымды насихаттау,
• студенттер арасында ғылымды насихаттау,
• жас ғалымдарды қолдау,
• елімізде ғылымның дамуын қолдау,
• оқушылар арасында жаратылыстану-ғылыми және техникалық пәндерде білімді қолдау,
• студенттер арасында жаратылыстану-ғылыми және техникалық пәндерде білімді қолдау.
Қазақстанда қазіргі таңда және ең жақын келешекте іске асыру үшін ең өзекті жобаларға артықшылық беріледі. Қордың командасы жаңа ғылыми-білім беру бағдарламаларының қажеттіліктерін зерттей отырып, ұжым ішінде ой-талқыларды (brainstorming) және студенттермен кездесулерді тұрақты түрде өткізеді. Осындай жұмыстың қорытындылары бойынша ғылыми тағылымдамалар, ағылшын тілі, робототехникалық және ІТ-стартаптардағы тағылымдамалар бағдарламалары пайда болды.
–Еліміздің зияткерлік әлеуетін дамыту атты қордың миссиясын қолдана отырып біз Қазақстан үшін жаңа, тиімді және өзекті бағдарламаларды іске асырғымыз келеді. Сондықтан да біздің болашақ жобаларымыз үшін үздік идеяларға арналған конкурсты жариялауға шешім қабылдадық. 10-наурызға дейін біз жеңімпаздардың аты-жөнін жариялаймыз. Қор жеңіске жеткен авторлардың идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға кірісуге дайын, – деп қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева хабарлады.
Айтпақшы, байқаудың жеңімпаздары мәртебесін иеленетін үш қатысушы қалай марапатталады екен? Ильзира Алдагарова, қордың жобалар үйлестірушісі жауап берді:
– Байқауда бірінші орынға ие болған жеңімпаз оның таңдауы бойынша ғылыми семинарға жіберілетін болады. Біз ұшу, тіркеу жарнасын, тамақтану мен тұру шығындарын ішінара өтейміз. Бірінші және екінші жүлделердің иегерлері биылғы жылғы наурыз айында қордың құрылтайшылары мен басшыларымен бірге өтетін жыл сайынғы кездесуге шақырылады. Барлық үш жеңімпазға біз «Алтайдан Каспийге дейін» атты Қазақстан табиғатының, тарихының және мәдениетінің ескерткіштері мен назар аударарлық жерлерінің атласын сыйға тартамыз.
Байқаудың алтын және күміс жүлдегерлері қордың құрылтайшыларының қатысуымен өтетін кездесуге өз идеяларымен таныстыру үшін шақырылады. Қор Алматы қаласына ұшып-қайту және бір тәулік көлемінде тұру шығындарын өтейтін болады. Хабарландыру мен жоба паспортын осы жерден жүктеңіз.
2.02.17, Жаңалықтар
Көру саны: 150