ӨТІНІМДЕРДІҢ БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН САНЫ КЕЛІП ТҮСТІ
Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорына стипендиялық бағдарламаның конкурсына арналған өтінімдердің рекордтық 392 саны түсті. Конкурс 23-қаңтарда басталып, өтінімдерді қабылдау 13-наурыздың түнгі ортасында аяқталды. Конкурстың финалы қашан өтеді? Есенов шәкіртақысы иегерлерінің, еліміздің үздік студенттерінің есімдерін қашан білетін боламыз?
2013 жылдан бастап Ш. Есенов атындағы қор геологияны және онымен байланысты техникалық пәндерді зерттейтін 5 үздік студентке жыл сайын стипендиялар беретіні туралы еске саламыз. Биылғы жылдан бастап қордың Қамқоршылар кеңесі 2017 жылы атап өтілетін Академиктің 90-жылдығы мерейтойына байланысты стипендиялардың санын 20-ға дейін көбейту жөнінде шешім қабылдады. Үміткер Қазақстан азаматы, еліміздің жоғары оқу орнында білім алу және үздік оқу үлгерімін көрсету сияқты белгілі талаптарға сәйкес келуі тиіс.
– Егер де өткен жылы 5 шәкіртақыға конкурстың 72 қатысушысы үміттенген болса, биылғы жылы 20 стипендияға – 392 өтінім беруші бар. Яғни, біздің конкурста бір шәкіртақыға 19 адам талпынып отыр. Біз 280-ге жуық өтінім аламыз деп болжаған болатынбыз, бірақ мұндай көлемді күтпеген едік, – деді қордың барлық өтінімдерді қабылдаған кеңсе менеджері Айгерім Сұлтан.
Байқау қатысушыларының арасында еліміздің 50-ден астам жоғары оқу орындарының студенттері бар, олардың арасында ҚБТУ және ҚазҰЗТУ, Nazarbayev University және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Сулейман Демирель Университеті және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Дулати атындағы ТарМУ және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті. Қордың қызметкерлері келіп түскен өтінімдердің сапасының да артқанын белгіледі. Стипендияға құжаттарды тапсырған әрбір үшінші үміткердің IELTS сертификаты бар, немесе ол ағылшын тілін терең үйреніп жатыр. Көптеген қатысушылар нарықтағы соңғы үрдістерге лайық, өтініммен бірге өз қолымен түсіріліп, монтаждалған креативті бейнені ұсынды.
Конкурс әрі қарай қалай өтетін болады? Сол жөнінде біз бағдарламалар үйлестірушісі Ильзира Алдагароваға сұрақ қойдық.
– 20-шы наурызда біз екінші турға өтетін жартылай финалға 40 қатысушының аты-жөнін жариялаймыз. Ал 31-ші наурызда және 1-ші сәуірдеАлматыда конкурстың екінші финалдық туры өтеді. Оның негізіне психолог және қордың қызметкерлері өткізетін интерактив ойыны пен топтық жұмыс кіреді. Конкурс жеңімпаздарын, Шахмардан Есенов атындағы атаулы шәкіртақының иегерлерін біз 5-ші сәуірде жариялаймыз, – деп түсіндірді Ильзира.
16.03.17, Жаңалықтар
Көру саны: 159