Олжас Айтбеков
Мамандандығы: Компьютерлік инженерия. Тағылымдама: Arka стартапы, АҚШ.
Олжас ХАТУ-ін бітіргеннен кейін, бірден австриялық Axess AG және қазақстандық Chocolife.me – де жұмыс істеп үлгерді. Ш. Есенов атындағы қордың американдық стартаптарындағы тағылымдамалар конкурсы туралы естіген соң бірден өтініш беріп, Кремний алқабында жұмыс істейтін 43 үміткердің бірі болды. Калифорнияда өткен байқау мен жеңістен кейін 23 жасар қазақстандықтың өмірі қалай өзгерді?
Қашан және қалай әзірлеуші болуды шештің? IT саласынан басқа қандай салаларға қызығушылығың бар?
Бала кезімнен математикаға деген қабілетім жоғары болатын. Ал, бағдарлама саласын мектептің 11-сыныбында ғана белсенді зерттей бастадым. Оғанға дейін тіпті кулинариямен айналысуды ойладым! Кейін ойлана келе оны хобби ретінде қалдыруды шештім, ол шешіміме қазір өкінбеймін. Бағдарламалауда маған әртүрлі есептерді шешудің стандартты емес жолдары мен математика мен логика элементтерін пайдалану ұнады. Мен жаңа бірдеңе жасауды және технологияларды зерттеуді жақсы көремін, сондықтан да өз өмірімді осы саламен байланыстыруды шештім.
Стартап туралы айтып берсеңіз, қай жерде тағылымдамадан өттіңіз?
Arka шағын және орта бизнеске арналған посылкалар мен қораптарды кастомизациялаумен айналысады. Біздің клиенттеріміз электрондық коммерциямен айналысып, тауарларды онлайн сатады. Тауар жеткізілетін қорапты безендіріп, тауарды иесіне жіберетін кезде компания иелері бізге келеді. Біздің платформада 3D конструктордың көмегімен олар өлшемін, материалын, санын, дизайнын өзгертіп, бірнеше минут ішінде қажетті жазбаны қоса алады. Стартап шағын, штатта бар болғаы 7 адам, ал кеңсе Сан — Францисконың орталығында орналасқан. Онда өте тату команда және ең бастысы-дамушы стартап рухы бар.
Олжас, Arka-да нақты немен айналыстыңыз?
Барлығымен. Сайт әзірлеумен және пайдаланушыларға платформаларымен, сатып алушыларға оңтайландыру, алгоритмдерді сұрыптау және қаптама жеткізу, серверлік бөлігімен, дизайнерлермен тығыз жұмыс істеп негізгі сайтты әзірлеу және модельдеу, админпанелиди әзірлеумен де мен айналыстым. Арасында өнімімізді көрсетіп, инвесторларды тарта отырып, митаптар мен конференцияларға баратынбыз. Жиі менеджер рөлін атқарып, стартаптың дамуына оң әсер ететін адамдармен қарым-қатынас жасауға тура келетін.
Тағылымдамада қандай жетістікке жеттіңіз?
Кәсіби деңгейде өстім. Жобаларды әзірлеуде өз білімімді нығайттым, AWS (Amazon Web Services), Unity, GraphQL, Docker-мен жұмыс істеуге үйреніп, алгоритмдер мен деректер құрылымының деңгейін көтердім. Енді мен Стартапты бизнес ретінде жақсы түсінемін, оның жұмысы мен менеджментінің талдауынан тәжірибе алдым. Менің өмірімде кәсіпқой, жандар пайда болды. Мен әр апта сайын Google, Lyft, Uber, Amazon әзірлеушілері үшін ұйымдастырылатын митап және ірі конференцияларда болдым. Әрине, ағылшын тілім дами түсті, сондай-ақ, Калифорнияның жылы күнінде түрлі әдемі жерлерді саяхаттадым. Енді осы үйренгендерімді әріптестеріммен бөліссем деген ниетім бар. Мен әлі күнге дейін Arka-да бірге жұмыс істеген әріптестеріммен хабарласып тұрамын.
Алдағы жоспарларыңызбен бөлісе кетсеңіз?
Алдағы жоспарларымның бірі әрі қарай оқу, дағдыларымды дамыту. Қазіргі уақытта PayPal ірі компаниясында жұмыс істеймін. Онда көптеген процестер шағын стартапта орын алғандардан ерекшеленеді. Жаңа тәжірибе мен білім. Болашақта өзімді менеджментте немесе өзімнің жеке компаниямның СЕО рөлінде көргім келеді. Сонымен қатар, Қазақстандық әзірлеушілермен тәжірибеммен, біліміммен бөліскім келеді. Біздің жігіттердің де әлеуеті зор, олар Америка мен әлемнің үздік жасаушыларынан кем түспейді, Бұған мен тәжірибе барысында көз жеткіздім.
21.06.19, Жетістік тарихы
Көру саны: 4,612