5 ШӘКІРТАҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ 11-ШІ СӘУІРДЕ БЕЛГІЛІ БОЛАДЫ

Қордың шәкіртақылық бағдарламасы бойынша өтіп жатқан байқауға байланысты біз осы күндері көптеген сұрақтар алып отырмыз. Алынған өтінімдердің көптігіне байланысты байқаудың өткізу мерзімдерін ұзартуға мәжбүрміз. Бірінші кезеңнің нәтижелерін бүгін, уәделескендей, 24-ші наурызда жариялаймыз.

Екінші кезең наурыз айының 24-нен 28-не дейін телефон немесе онлайн әңгімелесу түрінде өтеді. Әңгімелесу кезінде үш тілдің – қазақ, ағылшын және орыс – білу деңгейі бағаланатын болады. Екінші кезеңнің қорытындылары бойынша Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ-дан 5-7 студентті, ал басқа университеттерден 7 студентті іріктеп аламыз. Іріктелген студенттердің аты-жөні 29-шы наурызда белгілі болып, сәуірдің  9-нда Алматы қаласында өтетін финалдық іріктеуге шақырылады.

Ең соңғы үшінші кезеңнің қатысушылары үшін іскерлік ойын түрінде көзбе-көз іріктеу өтеді. Ойын барысында тәуелсіз сарапшылар мен психологтар бес балдық шәкіл бойынша көшбасшыға тән қасиеттерді, топта жұмыс істей білуді, айғақтылықты, зеректілікті және жаңа ақпаратты тез ұғыну мен талдай білу қабілеттілігін, ұйымдастырушылық қабілеттіліктерді, қарым-қатынас орната білу және өзге де қасиеттерді бағалайтын болады.

Шахмардан Есеновтың атаулы шәкіртақысың бес иегері – байқау жеңімпаздары – 11-ші сәуірге таман белгілі болады. Сұрақтарыңыз болған жағдайда қорымызға Алматы қаласындағы 349 40 04 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.

Байқаудың 2-саты қатысушылары

24.03.16, Жаңалықтар

Көру саны: 134

Другие новости