«Алтайдан Каспийге дейін» Атласы

«Алтайдан Каспийге дейін» атты ескерткіштердің, тарихи, мәдени, географиялық жәдігерліктердің атласы бірегей туынды, оның мақсаты – еліміз туралы қолжетімді мәліметтерді ұсыну, оны қолына алған отандастар болсын, шетелдіктер болсын, Қазақстан жері, мәдениеті мен тарихы туралы көптеген тың фактілермен таныса алады. Онымен қоса, бірегей көрнекі жерлерге, табиғи ландшафттарға қатысты жаңалықтармен танысып, үлкен қызығушылығы оянғанда, ұнатқан жерлеріне барып, тарихи, мәдени, географиялық жәдігерліктермен таныса алады.

Осы бірегей басылымды дайындау үшін 5 жыл жұмсалды. Бұл өте қажырлы әрі күрделі жоба, үш томды алғашқы басылым қазақ және орыс тілдерінде шықты, онда бүкіл Қазақстан бойынша кешенді мәліметтер беріледі.

Атластың ғылыми-танымдық еңбектерінің авторлары – ұзақ жылдар бойы аталған ескерткіштерді зерттеумен айналысатын және оларды сақтап қалуда үлкен үлес қосқан ғалымдар мен мамандар. Аталған жылдарда Қазақстанның бес географиялық өңірінде зерттеулер жүргізілді. Ғылыми экспедициялардың қатысушыларды Алтайдан бастап Каспийге дейінгі археологиялық, архитектуралық, тарихи ескерткіштердің осы таңда мәлім болып отырған объектілерін зерттеп, беймәлімдерін іздеді, оларды құжаттап, этнографиялық зерттеулерді жүргізді.

Басылым оқырмандардың әртүрлі санаттарына арналған: мектеп оқушылары мен студенттерден бастап, қоғамдық ғылымдардың мамандарына дейін. Бұл еңбек Қазақстанның тарихыны, мәдениетіне, географиясына қызығатын барлық адамдарға пайдалы болады. Көптеген Қазақстандықтар өзі үшін көне бабалар мұрасына жол ашып, өз Отаны туралы көбірек мағлұматтарға ие бола алады.

Көру саны: 136