Yessenov Launch Pad
Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры IT-мамандар үшін hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамытуға арналған жаңа 10 грант байқауын жариялайды.
ЕГЕР СЕН:
- ҚР азаматы болсаң;
- Қазақстандық ЖОО студенті немесе ағымдағы маман/қызметкер болсаң;
- Сенің мамандығың – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе сен Ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін маман болсаң;
- Өзіңнің soft и hard skills дағдыларыңды дамытқың келсе.
Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП АЛЫП, ұзақтығы 12 айға дейінгі онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндігің бар!
Бұл үшін 10.03 бастап 22.04.2022ж. дейін қор сайтында онлайн-өтінімді толтырып, келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
Міндетті құжаттар:
- жеке куәліктің сканы;
- Неліктен оған қосымша дағдылар қажет екенін және олардың кәсіби және жеке өміріне қалай әсер ететінін түсіндіруі керек мотивациялық хат;
- CV.
Қосымша құжаттар:
- Үміткердің жетістіктерін және/немесе IT-саласының нақты саласында мүдделерін білдіретін Портфолио және тиісті растауды ұсыну: – 3 құжаттан артық емес;
- Ұсыным – 1 құжаттан артық емес;
- Академиялық жетістіктер, зерттеу және/немесе инжинирингтік қызметтегі жетістіктер, түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатысқандары үшін сертификаттар-3 құжаттан артық емес*;
- Жеке, ұжымдық жарияланымдар – 2-ден артық емес;
- Диплом, болған жағдайда (соңғы оқу орны) – 1 құжаттан артық емес;
- Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 2 сертификаттан артық емес*
* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырада. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

Ереже
Downloaded: 98, Size: 38.9 KB

2-кезең қатысушыларының тізімі
Downloaded: 78, Size: 12.5 KB

Жеңімпаздар
Downloaded: 71, Size: 11.7 KB
Көру саны: 336