Жету гранттары

Ғалымдардың халықаралық деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатыса алуы жас ғалымдар үшін бүкіл әлемді қазақстандық ғалымдардың жұмыстарымен, қол жеткізген жетістіктерімен таныстыруға, өз кәсіби дағды-машықтарын дамытуға жәрдем болады; білімдерінің аясын кеңейтіп, ғылым саласының қайсыбір түрін дамытуға серпіліс береді, сондай-ақ шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға жол ашады. Осы бағдарламаны дамыту – Қордың отандық ғылыми кадрларды қалыптастыру бағытындағы жұмысының бағыттарының бірі.

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының спонсорлық жәрдемді ғалымдарға, студенттерге, оытушыларға халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуы үшін ұсыну бағдарламасы ғылыми ізденістермен айналысатын дарынды қазақстандықтарды демеуді көздейді.

Қордың 2013-жылдан бастап 2017-жылға дейін жүзеге асырылған ең өзекті де танымал бағдарламаларының бірі. Жету гранттары бойынша бағдарламаны жүзеге асырудың бкіл мерзімінде 6 000 000 теңгеден астам сома бөлінді.

    Көру саны: 140