Нұрсұлтан Асқарбекулы
Нұрсұлтан Эдинбург университетінің бакалавриат түлегі. Өзінің 26 жасында ол KazPost сияқты ұлттық компанияларда жұмыс істеп үлгерді. Нұрсұлтан араб тілін оқуға арналған Joode қосымшасының авторы. Аталмыш қосымшаны AppStore-ден табуға болады. 2017 жылдың жазында академик Шахмардан Есенов атындағы қордың грантымен Кремний алқабында ұмытылмас 8 апта өткізіп, онда ол мобильді қосымшалар әзірлеу дағдыларын жетілдірді. Алқапта оны AppStore–де бағдарламалау мен дизайн жасаудан бастап, дайын өнімді шығаруға дейінгі дағдыларға дейін үйретті.
IT-ге және қосымша әзірлеуге деген қызығушылық неден басталды?
Компьютерлік ойындардан десем болады, монитор алдында күні бойы отыра алатынмын. Жолым болып, мектеп бітіргеннен кейін «Болашақ»бағдарламасымен Британияға компьютерлік ғылымдарды оқуға бару мүмкіндігі туды. Ол жерде бізді математиканы, алгоритмдерді, деректер құрылымдарын, сонымен қатар, бағдарламалау негіздерін үйретті. Қосымша әзірлеу дағдысын игеруді 2016 жылдың жазында Алматыда өткен nFactorial Incubator мобильді қосымша әзірлеу бағдарламасынан кейін бастадым. Ол жазды әліде қуанышпен еске аламын, себебі ол жерде кез-келген идеяны санаулы күндердің ішінде іске асыруды үйретті. Дәл оыс жерде мен өзімнің университет қабырғасында алған білімімді бағалау мүмкіндігіне ие болдым.
Қор грантын қалай жеңіп алдыңыз?
Мен nFactorial Challenge байқауына қатысып, жеңімпаз атандым. Байқаудың үш жеңімпазын қор Кремний алқабына тағылымдамадан өтуге жіберді. Және де кез-келген жерге емес, әлемдегі ең үздік мобильді қосымша әзірлейтін мектептердің бірі Make School-ге жіберді.
Тағылымдамадан өту кезінде ең қызығы не болды?
Бағдарлама 8 аптаға созылды. Жазғы академияда iOS әзірлеуді зерттеуді жалғастырдым. Менімен бірге әлемнің түрлі елдерінен келген 80-ге жуық бала оқыды. Аталмыш мектеп Кремний алқабының бас қаласы, Сан-Францисконың дәл жүрегінде орналасқан. Мақсатымыз мобильді қосымша әзірлеу үрдісін бастан аяқ, яғни идеядан бастап жүктеуге және қолдануға дайын өнімге дейін қалай іске асатынын көру болды. Оқуымыз қызықты өтті. Алғашқы 3 аптада біз әйгілі мобильді ойындардың және қосымшалардың (Timberman, Instagram және Angry Birds) клондарын әзірлеумен айналыстық. Содан кейін өз өніміңді дайындаудағы іс-әрекеттің реттілігін түсіну үшін экспериментті жоба құрдық. Және де, бір айға жуық өзіміздің негізгі жобаларымызбен айналыстық. Бағдарламаның шарықтау шегі қатысушылардың қонақтарға өз жобаларын ұсынған «Demo Day» күні болды. Сонымен қатар, қосымшалар мен ойындардың жобасын әзірлеу, дизайнын жасау, талдау және маркетинг сияқты әр түрлі сатыларындағы тақырыптарға дәрістер мен презентациялар болып тұрды.
Нұрсұлтан, осы тағылымдамада өзіңіз үшін қандай жетістіктерге қол жеткіздіңіз?
Біріншіден, мен өзімнің Joode: тұтынушыға араб әліпбиін 2 сағат ішінде оқып үйренуге мүмкіндік беретін оқыту қосымшасы жобамды сапалы түрде жетілдірдім. Бұған қоса, қордың қамқоршысы Эльдар Ахметгалиевтің көмегінің арқасында Алқаптың 5 стартаптарында сұхбаттасудан өтіп, солардың бірімен – NextPlay Inc. келісімшартқа отырдым. Қазір оларға Ellen.ai қосымшасын дайындап жатырмын, ол ірі компаниярға өздерінің қызметкерлерін оларға тәлімгер-менторды табу арқылы оқытуға мүмкіндік береді. Енді Астана қаласынан қашықтықтан жұмыс істеп жатырмын. Және, екіншіден, мен АҚШ-та болдым, ол жерде адамдар қандай, олар қалай өмір сүретінін көрдім. Сан-Франциско шығанағының төңірегін аралып шықтым. Ол жерде әлемнің түкпір-түкпірінен әр түрлі адамдар тұрады және жұмыс істейді, бірақ барлығына ортақ – бұл қарапайымдылық, ашықтық және достық. Менің ойымша, бұл сапар мені адам ретінде, жақсы жағына қарай өзгертті.
Әрі қарай?
Өз ісіңді көбірек білу және түсіну керек. Онда бағыттар өте көп, және олар бір бірімен шиеленіскен. Менің тұжырымдамам – осы. Сондықтан, мен бизнесті құру негіздерін, тұтынушымен, басқа компаниялармен жұмыс жасау, дұрыс өңдеу жасау және дизайн принциптерін және көптеген т.б. дағдыларды меңгергім келеді. Әзірше, маған барлығы қызықты, және уақыт өте келе бір саланы тереңірек меңгеруді бастайимын деп ойлаймын. Менің үлкен мақсатым – команда біріктіріп, өз ісімді бастау, бірақ әзірше, бұл жоспарда ғана. Қазір алдымда екі міндет: стартапқа барынша көп пайда әкелу, және, әрине, өзімнің Joode қосымшамды дамытуды жалғастыру.
16.01.18, Жетістік тарихы
Көру саны: 132