Ғылыми тағылымдамалар: 142 өтінім келді

«Әлем зертханаларындағы ғылыми тағылымдамалар – 2024» бағдарламасының байқауына өтінімдерді қабылдау аяқталды. Қайырымдылық ұйымы болып табылатын қазақстандық қорға барлығы 142 өтінім келіп түсті. Байқаудың бірінші кезеңі 4 желтоқсанға дейін аяқталады.

– Биыл біз былтырғыға қарағанда 19 өтінім артық алдық. 142 аппликанттың арасында 88 өтінім – қыздардан және 54-і – ұлдардан. Қатысушылардың көпшілігі бакалавриат студенттері – 61. Магистранттар (38), ғылыми қызметкерлер (31), интерндер мен резиденттер де бар», – деді қор жобаларының үйлестірушісі Айгерім Султан.

Шахмардан Есенов атындағы қордың гранттық байқауына қатысушылардың басым бөлігі мүмкіндік туралы өз университеттерінде (66) және қордың Инстаграм аккаунтынан (58) білген, 16 үміткерге олардың достары айтып берген. Барлық өтінімдердің шамамен 33%Nazarbayev University студенттерінен келді. Басқа оқу орындарының арасында өтінімдер бойынша көшбасшылар – ҚазҰУ, ҚазҰМУ, ҚБТУ және ЕҰУ. Жалпы Қазақстанның 34 университеті мен ғылыми мекемелері ұсынылған.

– Қатысушылардың географиясы Алматы және Шымкент сияқты мегаполистермен, Тараз, Қызылорда, Атырау, Қарағанды, Көкшетау және Өскемен қалаларымен берілген. Конкурсқа еліміздің барлық аймақтық орталықтары қатысуда, – деп Айгерім толықтырды.

Қатысушылардың «Мамандандыру саласы» санатында жалпы медицина, биотехнология, биомедициналық ғылымдар және биомедициналық инженерия, сондай-ақ фармацевтикалық өндіріс пен химия ғылымдары кеңінен ұсынылған. Тұтас алғанда, өтінім берушілер арасында 49 мамандық/мамандандыру өкілдері бар.

Бірінші кезеңнің нәтижелері – қор қызметкерлері мен сарапшылары тарапынан өтінімдерді бағалау – 4 желтоқсанға дейін аяқталады, екінші кезең осы жылдың 5-21 желтоқсаны аралығында онлайн форматта өтеді. Бағдарлама ережесіне сәйкес қор финалистердің деңгейіне байланысты бұл санды көбейту немесе азайту құқығын сақтай отырып, 10 грант бөледі. Жаңа жылға дейін қор сайтында әлемнің ең үздік зертханаларына ғылыми зерттеулер жүргізуге баратын жеңімпаздардың, жас ғалымдардың және қазақстандықтардың тізімі жарияланады, – деп хабарлады қор. Қордың 2013 жылдан бері іске асырып келе жатқан бағдарламасы арқасында 110 қазақстандық ғылыми тағылымдамадан өтті.

16.11.23, Жаңалықтар, Жаңалықтар

Көру саны: 332

Другие новости