Маржан Нұрланқызы

Мамандығы: Жалпы медицина. Тағылымдама: Оксфорд университеті, Ұлыбритания.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аймағының қызы Маржанды кәсіби жол тұған өлкесінен алысқа жетелейтінін елестету қиын еді. Алайда, міне ол 23 жасында Ш. Есенов атындағы қор грантының жеңімпазы атанып қана қоймай, Оксфорд университетінде жұмыс істеді. Қазақстандық студент күн мен түннің ауысуымен байланысты біздің биологиялық үрдістеріміздің тербелісін молекулалық деңгейде зерттеді.

Маржан, біздің биологиялық үрдістеріміздің ауытқуын зерттеу не үшін қажет?
Мұндай зерттеулер біздегі онкология, 2-ші типті қант диабеті, менталдық бұзылулар, көз аурулары, жүрек-қан тамырлары ауруларына және т.б. қатысы бар сұрақтарға жауап береді.

Сіз медицина саласын таңдайтыныңызды қашан түсіндіңіз?
Мен медицина саласын таңдайтынымды жетінші сыныпта түсіндім. Бала кезімде әртүрлі конструкторлармен жиі ойнайтынмын, табиғат аясында көп уақыт өткізетінмін, сурет салу үйірмесіне де барып, баскетбол ойнағанды жақсы көретінмін. Түрлі үйірмелерге қатысып жүрсем де, соңында медицинаны таңдаймын деп шештім. Басында бұл сала мен үшін өте қиын болып көрінген болатын. Бірінші сыныпқа барған кезде анам маған “менің алғашқы энциклопедиям” кітабын сыйға тартты. Сол сәттен бастап денеміздің құрылысын, оның қалай жұмыс істейтіні туралы сұрақтар қызықтыра бастады

Сіздің офтальмология саласын зерттеуді жоспарлап жүргеніңізді білемін…
Маған адам көзінің нәзік және ғажайып құрылымы ұнайды. Бұрын мен тәжірибедегі офтальмолог болуды жоспарладым және микрохирургияға бейімді болдым. Бірақ соңғы курста осы салада зерттеу қызметін жалғастырғым келеді деп шештім.

Тағылымдама кезінде ғылыми білімдерден басқа не білдіңіз?
Маған Оксфордтың өзі ұнады. Мен қаланың барлық мұражайларына бардым. Ол жердің атмосферасының өзін сөзбен айтып жеткізу қиын. Студенттерге барлық жағдай жасалған. Студенттер тек оқыса болды. Мен бала кезден Гарри Поттер туралы кітаптар мен фильмдерді жақсы көретіндіктен, осы фильмді түсірген барлық колледждерде, сондай-ақ “Алиса ғажайыптар әлемінде” фильмі түскен жерлерді де барып көрдім. Ал демалыс күндердің бірінде Кембриджге бардым. Англияда өткен үш ай ішінде әлі де кеңестер сұрауда жүгініп тұратын жақын достар мен тәлімгерлер таптым.

Тағылымдама кезінде не істедіңіз, қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз?
Тағылымдаманы доктор Аарти Джаганнаттың басшылығымен патология (Sir William Dun School of Pathology) мектебі зертханасында өттім. Менің міндетім көз торы физиологиясындағы SIK1 генінің қызметі мен рөлін зерттеу болды. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Мен үшін ең маңыздысы зертханада тәжірибе алу болды.  Онда әр елден келген студенттер мен қызметкерлер жұмыс істеді, бұл менің осындай деңгейдегі алғашқы тәжірибем. Мен, сондай-ақ, Prism, ImageJ сияқты әртүрлі микроскоптармен және құралдармен жұмыс істеуді үйрендім. Иммуногистохимияны зерттедім. Енді мен көз алмасын, миды дұрыс ала аламын, криостатта микропрепараттар жасай аламын. Тағылымдама кезінде студенттер мен мамандарға арналған профессорлардың дәрістеріне жиі қатысамын.

Алға қойған жоспарларыңызбен бөліссеңіз?
Биылғы жылы жалпы медицина бойынша бакалавриатты сәтті аяқтап, Nazarbayev University медицина мектебіне түстім. Болашақта аспирант атанып, өзім біле бермейтін көз тор қабығының нейробиологиясы мен оптогенетикасын тереңірек зерттегім келеді.

2.09.19, Жетістік тарихы

Көру саны: 232