Ляззат Жаншаева

Мамандануы: машина жасау инженері. Тағылымдама: University of California, Los Angeles.

Жиырма екі жастағы атыраулық Ляззат Жаутықов атындағы республикалық физика-математикалық мектебінің түлегі. Қазірде Назарбаев университетінің студенті.  2015 жылдың жазында қор грантына Лос-Анжелестің Калифорния университетінің Инженерия мектебінде ғылыми тағылымдасын механикалық инженерия мен космонавтика факультетінде өткізді.

1.    Дәл осы мамандықты неліктен таңдағаныңыз жайлы айтасыз ба?
Мектеп кезінен ақ математика мен физика нақты ғылымдарына әуес болдым. ҚБТУ-дың мұнай мен газ мамандығы мен Nazarbayev University-ге бірдей түстім. Инженер саласына деген қызуғышылығым артық болғандықтан екінші университетті таңдадым. Оған қоса бұл мамандық жобалаудан бастап сапа менеджментіне дейінгі толық циклді қамтиды. Кейінірек химиялық, электрикалық, қоғамдық және механикалық инженерияның бірін таңдаған кезімде маған механикалық, яғни машина жасау ұнайтынын түсіндім.

2.    Машықтануға түсу үшін өткен байқаудың ең қиын не болды?
Ең қиыны жасап жатқан жобасы маған лайықты болатын профессорды табу болды. Шамасы 100 шақты имейл жаздым ау, соның 80-дей пайызы жауапсыз қалды. Одан басқа тағы бір оқиға болған еді: Калифорния технология университетінен шақыру алған едім. Бірақ біраз уақыттан соң ішкі бір мәселелерінің нәтижесінде мені қабылдай алмаймыз деп аңыртап тастады.  Осы себепті сәуірдің соңына таман зертхананы іздестіруді тағы бір мәрте бастадым. Қол ұшын созған Эльдар Ахметгалиевтің көмегі де тиіп, жолым болып, үш бірдей шықыру келді. Шақырған орындардың арасында жаңағы Калифорния технология университеті де болды.

3.    АҚШ-та қандай қызықты жайттар болды?
Адамдар, елдің көп қырлы мәдениті, қаланың өзі, университет пен қоса тағылымдама – маған, әлбетте, барлығы да қызықты болды.  Көптен бері алаңдатып жүрген қатты дененің пішін өзгерту механикасын тағылымдама кезінде зерттей алдым. Бұл пәннің практикалық маңызы зерттеу нәтижелерін дефектоскопияда қолдану мүмкіншілігі.  Оқудан тыс ең әсерлісі бұл, әрине, АҚШ-тың қалаларын серуендеп, ұмытпас естелік.

4.    Машықтанудың нәтижесі қалай сипаттай аласыз?
Тағылымдама берген тәжірибе мен қол жеткізген нәтижелер арқасында бакалавриатты бітіргеннен кейін әрі қарай қай бағытта жүргім келетіндігімді түсіндім.  Қатты денелердің пішін өзгерту механикасын тереңдете оқуды жалғастырмақшымын.  Профессор Ажит Мал мен зертханадағы әріптестер мен шетелдік студенттермен орнатылған жылы қарым-қатынасым артық болмасына да сенемін.

20.10.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 143