SPECIAL OPLYMPICS 2017 ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ

Спортпен шұғылданатын ерекше мұқтажды балаларға арналған жазғы лагерьді Special Olympics Қазақстан ұйымдастырады. Лагерь маусымның 19 мен 30 аралығында Алматы қаласында өткізіледі. Шараға қажетті еріктілерді жинауға Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының Komanda SOS үйлестіру орталығы ат салысуда.

Халықаралық Special Olympics ұйымы 25 жылдан бері ақыл-ойы шектеулі, балалар милық салдануы және Даун синдромы бар балалардың оңалтуы мен бейімделуімен айналысып келеді. Олар олимпиадалық спорттың 20 түрінен жыл сайын тұрақты жаттықтытру іс-шараларын ұйымдастырып тұрады.

— Лагеріміздің мақсаты – бұрын-соңды қатыспаған жанұяларды, мұқтажы бар балаларды спортқа еліктіру.  Балаларымыз лагерьде берік татулыққа бөленіп, бір бірімен, волонтерлермен дос болып, көбі лагерь аяқталғаннан кейін де өзара қатынасып тұрады.  Қатысушылар лагерьде жұмыс күндері түске дейін ғана болады.  Осындай кестенің арқасында балалар зорықпай, қажетті мөлшерде шыныға түседі, – деп «Спешиал Олимпикс» Алматы қаласы филиалының директоры Галина Ильинабаяндады.

Алматыда лагерь осымен 9-шы рет Haileybury Almaty халықаралық мектебінің қабырғасында өтпекші. Қатысатын 70 бала мен оларды жаттықтыратын 10 маманғалагерьдің өту барысында көмекке 20 волонтер келеді.

— Мамыр айында-ақ еріктілерге үндеу жолдап, қазірде тізім 50% -ға толып отыр.  Лагерьдің басталуына қарай еріктілердің қажетті саны жиналатын болады.  Қатысу жайлы шақыруымызға ақ пейілді, лагерьде қуана жұмыс жасайтын жастар, студенттер жауап беруде.  Волонтерлеріміз балаларға осы жазды мейлінше жылы лебізмен еске алуына бірден-бір көмектесетініне сенеміз, – деді Григорий Ли, Ш. Есенов атындағы қордың Komanda SOS бағдарламасының үйлестірушісі.

Лагерьде балалар мини-футбол, бадминтон, баскетбол, бочче және флорбол секілді спорт түрлерінде жаттыға алады. Special Olympics қозғалысы АҚШ-та 1968 жылы Кеннеди жанұясының бастамасымен пайда болды. Еліміздің барлық облыстарында бұл Special Olympics қозғалысы шамамен 7 500 мүмкіндігі шектеулі спортшыларды біріктіреді. Komanda SOS еріктілерді үйлестіру орталығы – бұл Қазақстанда азаматтық қоғамның даму құралы ретінде еріктілік қызметті қолдау мен дамытуды көздейтін Ш. Есенов атындағы қордың волонтерлік бағдарламасы.

2.06.17, Жаңалықтар

Көру саны: 152

Другие новости