Лаура Калиева

Лаураның жасы 23-те, ол Ақтөбе қаласынан. Бакалавриат кезінде ғылыми зерттеулермен айналысқан. Болашақ химик біздің Ұлыбританиядағы ғылыми тағылымдамалар конкурсын жеңіп, 2017 жылдың маусымынан қыркүйігіне  дейінгі аралықты The Open University-де өткізді. 

Сізде химияға деген қызығушылық қашан пайда болды және сіз химик боламын деп қашан шештіңіз?
Нақты айта алмаймын, бірақ бұл ой мектепте оқып жүргенде пайда болған шығар. Мен үшін ғылымға, зерттеулерге деген қызуғушылықтың тууы төңкерісті өзгеріс болды. Соңғы курс алдындағы жазда менің профессорым бір жобамен жұмыс жасауға шақырды. Ол уақыттта мен оқудан кейін мұнай-газ сферасында жұмыс істеймін деп шешіп қойғанмын, және зерттеулер – бұл менің ісім емес, бұл қызықсыз және тек данышпандардың қолынан келеді деп ойладым. Бірақ профессор маған зерттеулер – күрделі емес және өте қызықты екенін көрсетті, және ең бастысы, мені шабыттандырғаны соншалық, қазір мен өзімді ғылымнан басқа еш сферада көрмеймін.

Конкурс сізге қиын болды ма? Неліктен?
Бір жағынан, бұл бағдарлама осы жылы алғаш рет ашылды, және іріктеу әдеттегідей болған жоқ: интервью, іскерлік ойын болған жоқ. Құжаттар жиынтығын қорда, одан кейін  The Open University-де қарастырды. Екінші жағынан, бір ғана сұраныммен, өзіңді көрсету мүмкіндігінсіз, адамдарға әсер қалдыру оңай емес.

Ағылшын Милтон Кинзиндегі тағылымдамада сіз немен айналыстыңыз?
The Open University-ң Smart  Materials  group инжинеринг және иновациялар факультетінде тағылымдамадан өттім. Мен жұмыс жасаған жоба перовскиттік күн батареяларында графен оксидін қолданумен байланысты болды. Әңгіме олардың тиімділігін жоғарылатуда болды. Қазіргі кезде күн энергетикасы сферасы зерттеулерінде  перовскиттер тақырыбы өте танымал. Менің міндетім азотты қоспалардың графен оксидінің электрондық қасиеттеріне тигізетін әсері заңдылығын анықтау болды. Тағылымдаманың соңына қарай, мен зертхана қызметкерлеріне жұмысымның нәтижелері бойынша презентация жасадым. Ал тағылымдама соғында, менің кураторым Сатиш Кришнамурти үш студент тобының құрамында мені University College London-дағы семинарға шақырды, мұнда күн энергетикасы бойынша соңғы инновациялар және жобалар жайлы білуге мүмкіндік туды.

Тағылымдама кезінде қандай жетістіктерге жеттіңіз?
Зерттеулер нәтижелерін бірауыздан жағымды деуге болмайды, азоттың графен оксидінің қасиеттеріне анық әсерін көрдік, бірақ материал қасиеттерінің айқын жақсаруы немесе нашарлауын анықтаған жоқпыз. Жоба нәтижелерін жариялау үшін, қандайда бір заңдылықты анықтау керек. Біздің графен оксидінің батарея тиімділігіне әсерін батарея толық жиналған кезде арнайы күн симмуляторларында тексеру қажет, бірақ бұл бөлек жоба міндеті болып табылады.

Содан соң?
Қазір мен жұмыс істегім келіп жүрген американдық профессорлармен байланыстамын. Штаттарда  PhD деңгейін алуды жоспарлап отырмын, осы облыста эксперт болғым келеді. Графенмен жұмысты жалғастырғым келеді, ал осы сфера бойынша  Rice University және Georgia Tech-те зерттеулер белсенді жүріп жатыр. Бұл тағылымдама маған өте көмектесті, ол менің түйіндемемде жай ғана тармақ болып қалған жоқ, менде болмаған жақсы тәжірибе  және жабдықта жұмыс істеу дағдыларына ие болдым. Ал бұл өте құнды, және олардың болуы, мүмкін, мені студент-докторант позициясына қабылдауына шешуші фактор болар.Сонымен қатар, тағылымдама өзімнің қызуғышылықтарым мен мақсаттарымды түсінуге, батылырақ болуға көмектесті.

 

 

15.12.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 159