БІРЕУІ – ОКСФОРДҚА, БІРЕУІ – БЕРКЛИГЕ

Айдана Мұстафа мен Аслан Табылдиев осы жылдың күзінен бастап Оксфорд пен Берклидегі университеттердің магистратура бағдарламасында оқитын болады. Екеуі деШ.Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының аттас бағдарламасы байқауының жеңімпаздары.

Аслан Табылдиев– Байқау жеңіл болған жоқ, 2 грантқа 24 үміткер таласты.Байқау 3 кезеңнен тұрды, оның соңғысында әрбір үміткермен жеке сұхбат жүргіздік. Қатысушылардың әрқайсысы жеңіске лайықты, дегенмен тек қана екеуін іріктеп алуғатура келді, – деп бөлісті қордың бағдарламалар менеджері Ильзира Алдагарова.

Айдана – Шымкенттік, ал Айдардың туған жері – Атырау. Екеуі де Назарбаев Университеті бакалавриатының осы жылғы түлектері. Қызымыз биолог мамандығын иеленсе, еріміз химиялық инженерияны оқып аяқтады. Жеңімпаздарымыздың жетістіктер тізімі қомақты: Айдана биология және ағылшын пәндерінің мұғалімі болып мектепте жұмыс істеп, халықаралық билология универсиадасының жеңімпазы атанып, Cell Death Discovery журналында мақаласын жариялап үлгерсе, Асланның қоржынында физикадан республикалық, ал бағдарламалаудан халықаралық олимпиадаларының медальдері бар; оның сонымен қатар бірнеше зерттеу жобаларында ассистент, ал өз университетінде ғылымдар департаментінің менеджері және де Грецияда халықаралық конференцияда баяндамасымен сөз сөйлеу  тәжірибесі бар.

Асланның оқуы ертерек басталатындықтан, тамыздың ортасында-ақ химиялық инженерияны жалғасытыру үшін Берклиге оқуға аттанатын болады.

– Магистратура оқу жүйесі тұрғысынан бакалавриат бағдарламасына ұқсас, дегенмен мен менеджементтен бірнеше курс алып, міндетті түрде компаниялардағы тағылымдамадан өтуді мақсат етіп отырмын. Одан әрі доктарантураға түсемін, мүкін МІТ-дің өзі болар. Дәрежемді алғаннан кейін өз компаниямды ашқым келеді. Бірақ компаниямның қызмет аясы туралы әзірше бір ойлы емеспін, – дейді өз мақсаттарымен бөліскен Аслан Табылдиев.

Тағы бір жеңімпазымыздың да алға қойған мақсаттарына назар салсақ, Айдана Назарбаев Университетінің Медицина мектебіне түсіп, доктор дәрежесін иеленуге бет алып отыр.

Айдана Мустафа– Қазанның бірінде Оксфордта оқуым басталады. Алғашқы 2 семестрде дәрістер мен зертханалық жұмыстар барысында технологиялар мен процедураларды біліп үйренсем, ең ұзақ 3-семестр кезінде «клиникалық эмбриология» мамандануы бойынша өз зерттеу жұмысымды жасайтын боламын. Нақтырақ айтсам, бұл бедеулікті қосымша репродуктивті технологиялардың көмегімен емдеу туралы. Еліміз үшін тақырыптың өзекті екені құпия емес. Гинекология мен акушерлік саласында маман болғым келеді, – дейді Айдана Мұстафа.

Әлемнің алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарында жылдық магистратура орташа алғанда 65-77 мың АҚШ долларын құрайды. Қор бағдарлама бюджетіне сәйкес бір жылдық магистратураның 80-нен 95 пайызына дейінгі оқу ақысын қамтамасыз етеді. Бұдан қалған шығындарды студент өз бетінше өтейді.

Берклидегі Калифорния университетінің түлектері арасында өнертапқыш, инженер және бағдарламалаушы Стив Возняк, кино әртісі Крис Пайн мен физик Митио Каку бар. Ал Оксфорд дипломын ғалым Стивен Хокинг, саясатшы Маргарет Тэтчер мен Беназир Бхутто мен жазушы Джон Толкиен иленген екен.

UPDATE Айдана Мустафа Nazarbayev University медицина Мектебіне оқуға түсті, және де қордан әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінің бірі – Оксфордта білім алу грантының иегері атанғаны жайлы хабар алған сәтте, NU әкімшілігіне академиялық демалыс берулерін сұрап жүгінген болатын. Алайда, университет келісімін бермеді. Оксфорта білім алу мүмкіндігі үшін  NU-дегі оқуынан неге бас тартпасқа деген сұрағымызға студент қызымыз болашақтағы мансабы үшін медицина докторы дәрежесі маңызды деп жауап берді. Бұл Айдана үшін қиын таңдау болды. Ал, біз өз кезегімізде осындай перспективті мүмкіндікті пайдаланбағанына аздап қынжылсақ та, оның жасаған таңдауына құрметпен және түсіністікпен қараймыз. Осылайша, шетелдік магистратурада оқу бағдарламасының екі жеңімпазының тек біреуі ғана – Атыраулық Аслан Табылдиев – академик Ш.Есенов атын. қор ұсынған магистратура бағдарламасының гранты бойынша білім алып жатыр.

22.06.18, Жаңалықтар

Көру саны: 147

Другие новости