YESSENOV DATA LAB-қа КІМ ҰМТЫЛАДЫ?

Деректерді сараптау жазғы мектебіне келіп түскен 118 өтініммен танысқан академик Шахмардан Есенов қоры мамандарының хабарлауы бойынша қалалар арасында өтінім берушілердің көшбасшысы Алматы қаласы, ал университеттерден Nazarbayev University. Әрі қарай…?

Қалалар арасынан көшбасшы, Data Science (ақпараттарды сараптау) жазғы мектебінің үміткерлері жұмыс істеп, білім алып жатқан, Алматы қаласы (45 өтінім). Сондай-ақ, өтінім жіберушілердің көшбасшылары қатарында Астана және Тараз (екеуіненде 10 көп өтінім) қалалары да бар. Байқаудың географиялық кеңдігін Ақтау және Талдықорған, Шымкент және Қарағандыдан келіп түскен өтінімдер көрсетеді. Қызылорда қаласынан келген өтінімдер де бар.

— Университеттер арасындағы көшбасшы, ешқайсымызды таң қалдырмайды, Nazarbayev University (30 өтінім). Сонымен қатар, 17 өтінімді Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен, 13 өтінімді Сүлеймен Демирелі Университетінен алдық.  Жазғы мектепке түсуді қалайтын үміткерлер арасында М.Ломоносов атындағы ММУ, Томск мемлекеттік басқару жүйесі және радиоэлектроника университетінің, Томск политехникалық, Ресей халықтар достығы университетінің, Мичиган және Калифорния университеттерінің түлектері бар, — деп, келіп түскен өтінімдерді талдаған, Ш.Есенов атындағы қордың хатшы-референті Айгерім Палманова хабарлады.

Негізінен байқауға ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, талдау және үлкен деректер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, экономика және маркетинг мамандықтарының  иегерлері мен студенттері өтінім жіберді. Аталмыш байқау аясында жалпы саны 118 өтінім келіп түсті.

— Өтінімдерді бағалауды біз 25 сәуір күні аяқтаймыз. Іріктеліп алынған байқау қатысушылары әрі қарай екінші кезеңдегі жеңіс  үшін 5 мамырда күрсетін болады. Ақтық сұхбатты 20 мамыр күні өткіземіз және де 21 мамыр күні Yessenov Data Lab жазғы мектебінде оқитын 20 жеңімпаздың аттарын жариялаймыз деп үміттенеміз, — деп қордың бағдарламалар менеджері Ильзира Алдагарова атап өтті.

23.04.18, Жаңалықтар

Көру саны: 127

Другие новости