АҚШ СТАРТАПТАРЫНА КІМ АТТАНАДЫ?
Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының «АҚШ IT-стартаптарындағы тағылымдама» бағдарламасының байқауы өз мәресіне жетті. Аталмыш байқау осымен екінші жыл өткізіліп отыр және де осы жылы байқау жеңімпаздары болып қолданыстағы ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар: Алмас Айтбеков, Ислам Маденият, Дәурен Малаев, Арай Сабыржан және Сергей Тян атанды.
Байқауға өтінімдер 25 қыркүйек пен 22 қазан аралығында қабылданды. Қорға жалпы саны 43 өтінім келіп түсті, оның 19 екінші кезеңге өтті. Екінші кезең кезінде қордың сараптамалық кеңесі әрбір үміткермен жеке сұхбат өткізді. Осыдан кейін қазақстандықтарды қабылдауға қызығушылық танытқан америкалық стартаптардың өкілдері финалистермен тағы да сұхбат өткізіп, бес жеңімпазды іріктеп алды. Бес жеңімпаз түгелдей Есенов атындағы қордың ұшу, тұру, тамақтану және де стартаптағы тағылымдаманы өтейтін білім гранттарын иеленеді.
— Байқау жеңімпаздарының бағдарламалау, веб-әзірлеу немесе деректер базасын жобалау сияқты дағдылары өте жоғары. Әрбір бес жеңімпазға екі бірдей америкалық стартаптан «үміттеніп отыр», олардың арасында Amplifylive, Hexa, Vimchat, 11sight, Powr бар. Жоғарыда аталған кейбір стартаптармен біз осыған дейінде жұмыс жасаған болатынбыз. Алдағы уақытта әрбір жеңімпазға бірлесіп лайықты стартап таңдауды бастаймыз және де келісімшартқа қол қойып, визалық мәселелерді шешуді қолға аламыз. Қазақстандықтардың тағылымдамалары осы көктемнің басында басталады деген үміттеміз, — деп Ш.Есенов атындағы қордың бағдарламалар менеджері, Ильзира Алдагарова айтып өтті.
Америкалық тарап бірінші IT –тағылымдаманы өткізу кезінде қазақстандық мамандардың IT-саласындағы дайындықтарының жоғары деңгейде екеніне көздерін жеткізген болатын. Жеңімпаздар жайлы бірнеше сөз айта кетейік. Дәурен Малаев Семейдің тумасы, ол Қазақ-Британ техникалық университетінің бакалавриат түлегі және де қазіргі таңда доктарант-студенті, ғылым кандидаты және ең ірі қазақстандық туристік порталының IT департамент басшысы. Ислам Маденият Балқаштан, ол Suleyman Demirel University аяқтап, қазіргі таңда компанияда Android қосымшаларының әзірлеушісі болып жұмыс істейді. Олжас Айтбеков, Сергей Тян және Арай Сабыржан — алматылықтар және де Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің түлектері. Олжас— онлайн сатып алу сервисінің front-end әзірлеушісі, Сергей заңгерлерге арналған анықтамалық-құқықтық жүйесінің full-stack әзірлеушісі, ал Арай Қазақ ұлттық аграрлық университетінде инженер-бағдарламашы болып жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік, Есенов атындағы қор алғашқы рет IT стартаптарындағы тағылымдама бағдарламасының байқауын 2016 жылы өткізген болатын, ал аталмыш байқаудың жеңімпаздары отанымызға 2017 жылдың шілде айында оралды. Бағдарлама нәтижесі үлгі боларлықтай, себебі байқау жеңімпаздарының үшеуі қашықтықта Қазақстаннан жұмыс істеуді жалғастыруда, ал біреуі әлід Алқапта жұмысын жалғастыруда. Қордың хабарлауы бойынша, байқауға келіп түскен өтінімдердің саны азайған, дегенмен олардың сапасы айтарлықтай өскен: үміткерлердің портфолиолары кең, ұсыныс хаттары да жоғары дәрежеде, онымен қатар ізденушілердің ғылыми жетістіктерінің және де волонтерлік қызметтерінің тізімі де айтарлықтай өскен.
26.12.17, Жаңалықтар
Көру саны: 177